Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Академиялық адалдықты сақтау ережесі


    ДБА №9 «Зерде» мектебі

    Пед. кеңестің  2017ж. «31 »_тамыз
    № 1 хаттамасының шешімімен бекітілген


                                                                                      ДБА №9 «Зерде» мектебі оқушыларының
                                                                                              Академиялық адалдықты сақтау
                                                                                                                   Ережесі

    1. Жалпы ережелер
    1. ДБА №9 «Зерде» мектебіндегі оқыту процесінде Академиялық адалдықтың принциптерін, оқушылар қоғамдастығы мүшелері  міндеттерін белгілейді (анықтайды), Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібін анықтайды.
    2. Осы ереженің мақсаты - оқушылардың адалдық туралы түсініктерін,ашық, шыншыл, сенімді қарым-қатынастар орнатуда, сол сияқты өмірде адалдықты дамыту сұрақтарындағы жауапкершіліктерін қалыптастыру. 
    ДБА №9 «Зерде» мектебі Академиялық адалдық оқыту процесіндегі негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
    3. Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
    1) Академиялық адалдық – оқыту процесінде оқушылардың білімалудағы жеке адалдығы мен жауапкершілігін дамытатын тәртіппринциптерінің жиынтығы;
    2) бағаланатын жұмыстар:
    - оқыту барысында оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы оқужетістіктерін анықтау мақсатындағы қалыптастырушы, ағымдағы бағалаудаорындайтын жұмысы мен тапсырмасы ( ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, эссе,лабораториялық, тәжірибелік жұмыстар, өздік жұмыс, зерттеужұмысы, жоба және т.б.)- бұл жұмыс, оқушының оқудағы белгілі бір кезеңдегі жетістік деңгейінанықтау үшін (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) жиынтық,қорытынды бағалауда орындайтын жұмысы мен тапсырмасы (бақылау, жазбажұмысы, тестер, сынақ, зерттеу жұмысы, жоба және т.б.);
    2. Академиялық адалдықтың принциптері
    7. Оқушылардың өз оқуына жауапкершілігін және жеке адалдығын дамытатын оқу үдерісіндегі негізгі академиялық адалдық принциптері төмендегідей:
    1) адал ниеттілік – оқушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды әділ, дұрыс орындауы;
    2) ашықтық – өзара сенімділік, оқушылар мен педагоқызметкерлермен оған теңестірілген тұлғалардың арасындағы идеялар мен ақпараталмасудың мөлдірлігі;
    4) оқушылардың бостандығы мен құқықтарын қорғау – оқушылардың пікірі
    мен идеяларын еркін білдіру құқығы;
    5) теңдік – әрбір оқушы осы Ережені сақтауға міндетті болуы және бұзғаныүшін тең жауапкершілігі.
    8. Оқушының үлгісіне сәйкес оқушылар принципті болуға тиіс. Академиялық Адалдық Ережесі мәтінінің аясында принципті болу әділдік пен адалдық жоғары дәрежеде сезінілуін білдіреді.
    9. 
    Оқушылардың ынтымақтасу мен сыбайласу арасындағы айырмашылықты білуі маңызды болып табылады. «Көшіруге және басқа оқушының жұмысы өзінікі ретінде берілуіне мүмкіндік жасалауына» әкеп соқпайтын ашық және қауымдасқан іс-әрекет болып табылатын ортақ ақпаратпен ортақ мақсатта бірігіп жасалған жұмысты ынтымақтасу деп атауға болады. Көптеген жағдайларда оқушылардың бірлескен жұмысы (мысалы, зертханалық жұмыс, деректерді, идеяларды  бөлісу) көтермеленеді. Алайда, егер мұғаліммен басқаша айтылған болмаса,оқушының ақырғы бағасы жеке өзінікі ғана болуға тиіс және екі не одан көп оқушының тапсырмаларында бірдей мәтін болмауы керек.
    3. Мектеп қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
    10. Оқушылар:
    1) осы Ереженің мазмұнымен танысуға;
    2) оқыту үдерісінде өз пікірін еркін білдіруге;
    3) осы ережені бұзу туралы деректі теріске шығаруда барлық қажетті дәлелдер мен айғақтарды келтіруге құқылы.
    11. Оқушылар:
    1) осы Ереженің мазмұнымен танысуға және Ережені бұзғаныүшін тартылатын жауапкершіліктерді білуге;
    2) бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды орындаудаакадемиялық адалдықты мүлтіксіз ұстануға;
    3) ол пайдаланған, бірақ оған тиесілі емес идеяларға, мәтіндерге,суреттерге және басқа да материалдарға сілтеме жасау үшін АПА стилінAPAstyle) пайдалануға;
    4) бағаланатын жұмыстың соңында қолданылған әдебиет тізімінкөрсетуге;
    5) сенімді және анық ақпарат көздерін пайдалануға;
    6) өзінің орындаған бағаланатын жұмысын басқа оқушыларғабермеуге міндетті.
    12. Ата-аналар не басқа заңды өкілдер:
    1) осы Ереженің мазмұнымен танысуға және Ережені бұзғаныүшін тартылатын жауапкершіліктерді білуге;
    2) өз балаларының осы Ережені сақтауына ықпал етугежәне академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығы туралы үнеміәңгімелесуге міндетті.
    13. Педагог қызметкерлер мен оған теңелгендер:
    1) ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге;
    2) оқушыларды нақты және анық ақпарат көздерін таңдауғаүйретуге, қолдау көрсетуге;
    3) АПА стиліне (APAstyle) сәйкес сілтемені, нұсқаманы жәнебиблиографияны рәсімдеуді үйретуге;
    4) орындалатын жұмыстың барлық авторын көрсетіп, жобалықжұмыстарын қағазда, электрондық нұсқада, сандық құралдарда дайындаутәсілдерін үйретуге;
    5) оқушыларды оқыту үрдісінде өз пікірін білдіруге үйретуге;
    6) бағаланатын жұмыстың алдында оқушылармен академиялықадалдықты ұстану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
    7) осы Ережемен белгіленген талаптарды бұзудың кез келгенмүмкіндіктеріне тосқауыл қоюға;
    8) осы Ережені бұзудың әрбір жағдайына қатаң есеп жүргізуге;
    9) мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға немесе басқа да заңдыөкілдеріне Ережені бұзудың әрбір жағдайы туралы жазбаша ақпарат беругеміндетті.
    10) бақылау жұмысы, сынақ, емтихан барасында ереже бұзылған болса, жұмысты бағаламауға міндетті
    14. Мектеп әкімшілігі:
    1) оқушыларға, ата-аналар мен заңды өкілдерге осы Ереженітүсіндіру бойынша педагог қызметкерлер мен оған теңелгендердің жұмысынқамтамасыз етуге;
    2) оқушылар негізгі ережелерде қарастырылған ережені бұзғандашара қолдану бойынша жұмысты үйлестіруге;
    3) оқушылардың академиялық адалдықты орындауын бақылау жәнемониторинг жүргізуге міндеттенеді.
    4. Ресурстарға сілтеме жасау
    15. Академиялық лайықсыз қылық жасалауын болдырмау үшін сілтемежасау үлгісін (мысалы, АПА стилін (APAstyle)) ұстану қажет. Одан басқакөпшілік мойындаған сілтеме жасау форматын пайдалануға жол беріледі. Әроқу жылының басында әдебиеттердіпайдалану бойынша сілтеме жасау үшінбарлық мұғалімдер мен оқушыларға кітапханашы нұсқаулық көшірмесінбереді. Орындалған жұмыста сілтемелерді қолдану мақсаты пайдаланылғанидеяларды табу үшін оқырманға жұмысты түпнұсқада қарауына мүмкіндік береді.
        Оқушылар толық сілтемелерді арнайы бөлімде, яғни, кез келген жұмыстың соңында көрсетіп отыруға міндетті, сондай-ақ жұмыстың негізгібөлімінде пайдаланылған әдебиеттерді анық дәйектеп отыруға да міндетті.
           Ықтималды сілтеме жасау стилін (АПА форматы) пайдаланудың үлгісі
           Сілтеме мен кітапнама. Дерекнама бойынша дәйексөз алу
    1. Кітаптар:
    Автор, шыққан жылы, Атауы, Баспа, Орын, басылым нөмірі
    Мысалы:
    Rowling, J.K. (2001) Harry Potter. London: BloomsburgChildren's, 546 б.
    2. Газеттер мен журналдар
    Автор, шыққан жылы, Атауы, Баспа, басылымға сілтеме
    Мысалы:
    Owman, L. (1990, March 7). Bills target Lake Erie mussels. The Pittsburgh Press,
    p.A4
    3. Вебсайттар
    Құжаттың атауы, соңғы толықтыру немесе көшірілген күні, төлем жүргізілген электронды адрестен қайта құрылған веб-сайттың атауы
    Мысалы:
    Neurology.(n.d.).In Wikipedia. Retrieved August 8, 2007, from
    http://en.wikipedia.org/wiki/Neurology
    4. Жеке сұхбат
    Сұхбат болуы мүмкін мәліметтерді қарастырмайды, сондықтан сілтемелер тізімінде ешқандай сілтемелер көрсетілмейді. Алайда сіз мәтінде оны диалог ретінде алып сұхбаттан үзінді келтіре аласыз.
    Мысалы:
    • (J. Smith, personal communication, August 15, 2009)
    • J. Smith (personal communication, August 15, 2009)
    5. Электрондық сурет
    Автор (автордың рөлі). (шыққан жылы). Жұмыстың атауы [жұмыстың түрі], қалпына келтірілген айы, жылы: URL (веб-сайттың мекен-жайы)
    Мысалы:
    Kulbis, M. (Photographer). (2006). Men pray [Photograph], Retrieved April 12, 2006, from:
    http://accuweather.ap.org/cgi-bin/aplaunch.pl
    Электрондық сурет (авторы, күні мен атауы көрсетілуісіз)
    [жұмыстың мәні мен түрі]. қалпына келтірілген айы, жылы: URL (веб - сайттың мекен - жайы)
    Мысалы:
    [Untitled photograph of a baby chimpanzee]. Retrieved April 12, 2006, from:
    http://perso.wanadoo.fr/jdtr/struc/chimp3.htm
    6. Бейне
    Кино (фильм)
    Продюсердің фамилиясы, аты-жөнінің бірінші әріптері (продюсердің),
    Картина директорының фамилиясы, аты-жөнінің бірінші әріптері (директордың) (жылы). Бейне атауы [фильм]. Мемлекеті: киностудия атауы.
    Мысалы:
    Bregman, M. &Elfand, M. (Producers), &Lumet, S. (Director). (2006).
    Dogdayafternoon
    [Motion picture]. United States: Warner Home Video.
    Деректі бейне
    Продюсердің фамилиясы, аты-жөнінің бірінші әріптері (продюсердің) (жылы). Бейне атауы [DVD/VHS]. Бейне роликті жариялаған автордың ашық электронды мекен-жайы
    Мысалы:
    Harrison-Hansley, M. &Sussman, A. (Producers). (2005). Living with ADHD
    [DVD]. Available
    from http://www.films.com
    Дәйексөз алу:
    Қысқа дәйексөз:
    Егер дәйексөз 40 сөзден аз болса, онда ол мәтінде тырнақшамен көрсетілуі керек [“ “].
    Ұзақ дәйексөз:
    40 сөзден асатын дәйексөздер жалпы мәтін көлемінде бөлініп көрсетіледі.
    Өзгертіп айту және жалпылау:
    Басқа дереккөздерін өзгертіп айту және жалпылау кезінде дереккөзін ұсыну керек. Өзгертіп айтылған және жалпыланған дәйектемелердіңдереккөздерінің бетін, қай жерден алу мүмкін екенін көрсету керек.АПА форматы (APA style) Сілтемелерде (Кітапнама) көрсетілген барлық ресурстардың мәтінде көрсетілгенін (автордың аты, жыл),мәтіндегі барлық дәйексөздердің Сілтемелерде (Кітапнама) көрсетілгенін талап етеді. Сондай-ақ, мәтінде сілтемелер (дәйексөздер мен өз сөзімен берілген дәйексөздер эсседе қай ретпен көрсетілсе, сол ретпен көрсетілуін) жұмыс соңында Таңдалған Кітапнамаларды Бекіту деп аталынатын бөлімде болуы керек, сонымен қатар барлық ресурстар (сол ресурстар) Сілтеме немесе Кітапнама санатында ұсынылады.
    5. Бұзушылық түрлері
    16. Аталған ережелермен академиялық адалдықты бұзудың келесі түрлері қарастырылады:
    1) плагиат:
    - басқа ақпарат көздерінен алынған ақпаратты авторлық құптаусыз немесе дереккөздерді көрсетпей бөліктерін немесе толық иемдену;
    2) сыбайласу:
    - кез келген бағаланатын жұмысты өзге оқушы үшін орындау;
    3) алдау:
    - бағаланатын жұмысты басқа оқушылардан көшіріп алу;
    - бағаланып кеткен жұмысты қайталап көрсету, өткізу;
    - бағаланатын жұмысты орындамаған, мезгілінде орындамаған жағдайда жалған ақталу;
    - топтық жұмыс қарастырылмаған бағаланатын жұмысты екі немесеодан да көп оқушылардың орындауы;
    - басқа оқушыларға саналы түрде көмек көрсету; өзініңбағаланатын жұмысынан оған көшіріп алуға мүмкіндік беру;
    - басқалардың бағаланатын жұмысын өзінікі ретінде көрсету;
    4) бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау:
    - бағаларды , тапсырма жауаптарын бағалау нәтижелерінбоямалау;
    -өлшеу және сауалнаманы бақылау нәтижелері, зерттеу кезіндегісауалнама мен басқа әдістердегі мәліметтерді боямалау;
    - басқа оқушының бағаланатын жұмысын әдейі бүлдіру немесе боямалау;
    5) бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу:
    - жиынтық бағалау жұмыстарын орындау кезінде жауаптарды беру;
    - бағалау жұмыстары өткізілгенге дейін оқушы, мұғалім, немесемұғалімге теңестірілген тұлғаның көмегі арқылы жауаптарды алу;
    - бағаланатын жұмыстарды жеке жұмысы ретінде көрсету үшінсатып алу және өзге жолдармен қол жеткізу;
    - бағаланатын жұмыстарды дайын күйінде сату немесе сатуға/сатып алуға көмектесу;
    6) ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану:
    - бекітілген нормативті акті негізінде тыйым салынған ақпаратты қағаз, электронды, цифрлы, техникалық құрылғыларды бағалау жұмыстарын орындау кезінде пайдалану;
    - бағаланатын жұмысқа қатысты кез келген жауаптарды электронды пошта, компьютер және т.б. жолмен көшіру;
    - педагог қызметкердің бағаланатын жұмыстарға қатысты ақпаратты компьютерден көшіру, қағаз не электронды тасымалдаушы құралдар көмегімен кабинеттен шығару.
    7) Аралық және қорытынды аттестаттау (емтихандары) кезінде академиялық лайықсыз қылық жасау (мысалы, емтихан барысында авторланбаған материалдарды пайдалану, емтихан жүргізілуіне кедергі жасайтын немесебасқа оқушыларды алаңдататын іс-әрекеттер, немесе басқа оқушыларменәңгімелесу).
    17. Осы академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтыңтізімі осымен шектелмейді, қажеттілікке қарай толықтырылып отырады. Оқушыға әділетсіз артықшылық беретін немесе басқа оқушының нәтижелеріне ықпал ететін кез келген іс-әрекет бұзушылық түрлеріне жатады.
    6. Ережені бұзған жайдайда шара қолдану тәртібі
    18. Академиялық адалдыққа қатысты тәртіп бұзушылықтардың анықталуы:
    1) Қалыптастырушы, ағымдық бағалау жұмыстарын өткізу кезінде;
    2) Суммативті,қорытынды бағалауды өткізу кезінде.
    19. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда плагиат пен сыбайласу анықталса:
    1) пән мұғалімі осы ережеде бекітілген форма негізінде ереже бұзғандығы туралы №2 қосымшаға сәйкес акт құрап, оқушылармен кездесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы туралы акті мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері, оқушылардың жұмыстары кураторға тапсырылады ( 2-қосымша);
    2) ереже бұзушылық қайталанған жағдайда пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ереже бұзғандығы туралы акт құрап, оқушылардың ата – анасы не заңды өкілдерінің қатыстырылуымен кездесу өткізеді. Тәртіптің бұзылғандығы туралы акт пен тәртіптің бұзылғандығы туралы заттай айғақтарды кураторға өткізеді;
    3) жүйелі түрде (үш рет не одан да көп), пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ереже бұзғандығы туралы акт құрайды. Ережені бұзғандығы туралы акті мен заттай айғақтар мен оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор өз тарапынан оқушының ата – анасы мен оның басқа да заңды өкілін тәртіп бұзғандығы туралы жазбаша түрде хабардар етіп, барлық құжаттарды Тәртіп комитетіне өткізеді. Әрбір плагиат жағдайында оқушыға орындауға жеткілікті уақыт болғанына орай жұмысты қайта орындауға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда барлық жұмыс қайта жасалуы керек. Басқа жағдайларда жұмыс жарамсыз деп табылады.
    20. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы, ағымдағы бағалауда алдау анықталса:
    1) пән мұғалімі бекітілген форма негізінде ережені бұзғандығы туралыакт құрайды, оқушының ата-анасының немесе оның басқа заңды өкілініңқатысуымен әңгімелесу өткізеді. Ереженің бұзылғандығы туралы акті менсәйкесінше айғақтардың көшірмелері және оқушы жұмысының көшірмесі  жауапты адамға тапсырылады;
    2) жүйелі түрде (екі не одан көп), бекітілген форма негізінде ережесінбұзғандығы туралы акт құрайды. Ережесін бұзғандығы туралы акті мензаттай айғақтар мен оқушы жұмысының көшірмесі  кураторға  тапсырылады. Куратор оқушының ата-анасын немесе оның басқа да заңдыөкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор барқұжаттарды Тәртіп комиссиясына береді.Алдау орын алған әр жағдайда оқушы жұмысы жұмыстың, тесті ментапсырманың қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады.
    21. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі қалыптастырушы,ағымдағы бағалауда бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстардыбұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу,ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалануанықталса:
    1) Пән мұғалімі академиялық адалдық ережесінің бұзылғандығытуралы акт құрайды, оқушының ата-анасының немесе оның басқа да заңдыөкілінің қатысуымен әңгімелесу жүргізеді. Ереже бұзғандығы туралы актімен заттай айғақтар мен оқушы жұмысының көшірмесі кураторғатапсырылады. Куратор оқушының ата-анасын немесе басқа да заңды өкілінжазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор бар құжаттарды Тәртіп комиссиясына береді. Бағаларды, мәліметтерді, бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану орын алған әр жағдайда оқушы жұмысы  жұмыстың, тесті мен тапсырманың қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады. 
    22. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі жиынтық, қорытынды бағалауда плагиат, сыбайласу, алдау, бағаларды,мәліметтерді,бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталса:
    1) пән мұғалімі, емтиханда қатысатын өкілі бекітілген форма негізінде ережесін бұзғандығы туралы акт құрайды. Ереженің бұзылғандығы туралы акті мен сәйкесінше дәлелдемелердің көшірмелері және оқушы жұмысының көшірмесі кураторға тапсырылады. Куратор оқушы ата-анасын немесе басқа да заңды өкілін жазбаша түрде ережені бұзғаны туралы ескертеді. Куратор бар құжаттарды Тәртіп комиссиясына тапсырады. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі жиынтық, қорытынды бағалауда плагиат, сыбайласу, алдау, бағаларды,мәліметтерді,бағаланатын жұмыстарды бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен алу, ақпарат пен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталған әр жағдайда оқушы жұмысы қайта тапсыру құқығынсыз жарамсыз деп танылады.
    23. Мектеп Бағдарламасы қорытынды бағалауы жағдайында:
    1) мектеп, емтихан алушы академиялық адалдық бұзылғаны туралы дәлелдер тапса, мектепке оқушыға Ереже бұзғандығы үшін шара қолдану талап етіледі. Оқушының сонымен қатар жазбаша түсініктеме жіберуін сұрайды.
    2) Қорытынды баға беру комитеті оқушыға аталған пән бойынша баға қоймауға және қосымша оқушының келешектегі емтихан сессияларына тіркеуге тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
    ______________________________________



    ДБА №9 «Зерде»  мектебі
    оқушыларының академиялық
    адалдықты сақтау туралы
    ережесіне 2-қосымша
                                                     АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

                                                                                                               АКТ

    Мұғалімнің ТӘЖ: Пәні:
    телефон:

    E-mail:
    Оқушының аты:___________________
    _________________________________
    Оқитын сыныбы:_________
    Бұзылған тәртіптің сипаттамасы (мерзімі, уақыты, орны және т.б.) (қажет 
    деп тапқан жағдайда қосымша бет тіркеледі):

    Пән мұғалімі, емтихан өкілінің қолы және мерзімі:
    астын сызу керек

    Оқушының қолы мен мерзімі:

    Актімен таныстым:

    Ата-анасының немесе басқа да заңды өкілінің қолы

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки