Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

     «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымы

     «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымының 2018-2019 оқу жылына арналған жиналысының жұмыс жоспары

    Мақсаты: Оқушыларды мектептің ішкі тәртібін, ережесін сақтауға, саналы, сапалы, жан-жақты, ұлтжандылыққа, рухты азамат болуға, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, кішіге көмектесуге, имандылыққа, қоғамдық ортада өзін ұстауға, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсене қатысуға, теріс әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

     

    р/с

    Іс-шара атауы

    мерзімі

    Өтетін орны

    Өткізу әдісі

    Жауапты

    1

    «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымын жасақтап, жауапты тәлімгерлерді бекіту

     

    ДБА №9 «Зерде» мектебі

     

    Дөңгелек үстел

     

     

     

     

     

    ДТІЖО, әлеуметтік педагог, тәлімгер, сынып жеткешілер, спорт мұғалімдері,  психолог,мектеп медбикесі, мектеп инспекторы

    2

       

    «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымының жиналысы

     

    3

    «Әке көрген оқ жонар»,  «Ана көрген тон пішер» 

     

    4

    Ұл, қыз бала гигиенасы

     

    «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымының кездесуі

     

    5

    Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары

     

    5

    «Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай білсе», жыл бойында атқарылған жұмыстар бойынша  есеп

     

    «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымының жиналысы

                                                                                        

                           Орындаған ДТІЖО                                 Е.А.Каженов            

     

     

     

    Астана қаласы әкімдігінің Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ККМ  «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымы жиналысының

    ХАТТАМАСЫ № 1

     

    7  қыркүйек 2018 ж                                                          қатысқан ұлдар – 197

                                                                                               қатысқан қыздар – 123

     

            Мақсаты: Оқушыларды мектептің ішкі тәртібін, ережесін сақтауға, саналы, сапалы, жан-жақты, ұлтжандылыққа, рухты азамат болуға, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, кішіге көмектесуге, имандылыққа, қоғамдық ортада өзін ұстауға тәрбиелеу.

    Күн тәртібінде: 

                        1. Мектептің ішкі ережесі

                        2. Құқықбұзушылықтың алдын алуы

                        3. Әр түрлі мәселелер  туралы

                                                   

            2018 жылдың 7 қыркүйегінде Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымы жасақталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жігер» ұлдар ұйымының төрағасы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Н.Қасенов, «Көркем» қыздар ұйымының  төрайымы әлеуметтік педагог К.М.Тасболатова болып тағайындалды.

    ТЫҢДАЛДЫ: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Каженов жиналыста мектептің ішкі тәртібі туралы төмендегідей мағлұмат берді:

    -          сәлемдесу, сабаққа кешікпей уақытында келу, себепсіз сабақты босатпау, кезекшілікке тұру

    -          мектеп формасын сақтау, киім қара көк түсті, ақ көйлек, туфли, екінші аяқ киім ауыстыру

    -          сабақ уақытын тиімді пайдалану, мектептің қоғамдық жұмыстарына, әр түрлі іс-шараларға белсене ат салысу

    -          оқулықтарды күнделікті толық әкелу, оқушы күнделігін уақытында толтыру, кітапханадан кітап оқу

    -          оң жақ текшемен көтеріліп, сол жақ текшемен түсу, үзіліс арасында дәлізде жүгірмеу туралы ескертпе кеңестерін айтты.

    -          Оқушыларға мектеп медбикесі Г.Сихымова тазалық - денсаулық кепілі туралы ақпарат берді.

        Сарыарқа ауданының ІІБ ЖПҚ кәмелетке толмағандар істері жөнінде учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты У.Е.Абдиева оқушыларға адам өмірінің қауіпсіздігі, жолда жүру ережесі және қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

         «Жігер», «Көркем» ұйымының жетекшісі А.Н.Қасенов, К.М.Тасболатова  мектеп оқушыларын болашақта тәртіпке, тәрбиелілікке, мәдениеттілікке, үлгілі, үздік оқушы болуға шақырды.

    ШЕШІМ:  1. Мектеп ережесін сақтау, орындау

                        2. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша айтылған   

                            кеңестерді  қадағалау

                        3. Оқушылардың қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы

    ҰСЫНЫС: 2018-2019 оқу жылында әр түрлі спорттық шаралар, мейрам кездерінде би кештері ұйымдастырылса.

                        Мектеп директоры                                           Ә.Жәнібекова

                           Хатшы                                                                 А.Б.Қожаева

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки