Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

     «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» 

    12. 12. 2017 ж.
    16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі.

    Мақсаты: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының жобасы бойынша екі түрлі деңгейдегі сыныптар 7а,  9а бір шаңыраққа біріккен. Бүгінгі іс-шарамыз 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне арналады
    Дайындаған: 7 «А», 9 «А» сынып және сынып жетекшілері - Сыздык Еркеназ Сериковна,  Жумагатова Гульсара Габдуалиевна

    Сыныптар сап түзеп тұрады, сахнада сары және көк түсті шарлар, жалаушалар. Шарда «Тәуелсіз Қазақстан»-деген сөз.
    Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.   «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты  плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер. 
    Барысы:
    «Отан таңы» әні ойналып тұрады, фанфар ойналып ортаға жүргізушілер шығады. (Пернебаев Санжар 9а,Бейсенбина Нуриля 7а,Бекет Мереке 9а, Шайзада Анар 7а)
    1-жүргізуші Санжар 9а
    Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе-тең деп тереземді.
    Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін бізде айрықша қасиетті күн. Себебі әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегіне жақын ең басты құндылықтарының бірі -тәуелсіздік күні.!
    2-жүргізуші Нуриля 7а
    Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шарамызды (салтанатты жиынымызды) ашық деп жариялаймыз! 
    ХОР: «Атамекен» әні
    3-жүргізуші Мереке 9а
    «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының жобасы бойынша екі түрлі деңгейдегі сыныптар 7а, 9а бір шаңыраққа біріккен. Бүгінгі іс-шарамыз 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналады. Осы желтоқсан оқиғасының куәгері ретінде мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ермағанбетова Гүлшат Борисқызы бізде қонақта.
    Гүлшат Борисқызы! Желтоқсан оқиғасы туралы, өзіңіздің көзбен көрген сол кезеңнен естелік айтып берсеңіз...
    (Гүлшат Борисқызы сөзі)
    3-жүргізуші Мереке 9а
    ОқушыларГүлшат Борисқызына кімде қандай сұрақтар бар? Сұрақтарыңызды қойыңыздар...
    (Гүлшат Борисқызы сұрақтарға жауап береді)
    4-жүргізуші Анар 7а
    Бұл Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ұлан ғайыр жерімізді жаудан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті қазақ даласында міне бүгін 26 жыл көк байрағын желбіретіп тұр.
    Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша. Өйткені, біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
    1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды.
    3-жүргізуші Мереке 9а
    7а сынып оқушысы Тоқтамыс Ақниеттің орындауында «Бір үйдің баласындай» әнін қабыл алыңыздар!
    Көрініс «Желтоқсан»
    4-жүргізуші Анар 7а
    Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Монолог «Қ. Рысқұлбековтың ақтық сөзі» оқитын  9а сынып оқушысы Ахмет Диас
    3-жүргізуші Мереке 9а
    Тағдыр мені аямады, қорлады,  Жалынсам да, жыласамда болмады.  Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,  Армандаған ақ сәулеге жетпедім-деп Қайраттың қатты қиналып Қазақстан   үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.  (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері интерактивті тақтаға шығады)  Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық.   Үнсіздік сәті
    4-жүргізуші Анар 9а
    9 а сынып оқушысы Айбек Айкүмістің орындауында «Желтоқсан желі» әнін қабыл алыңыздар!
    Монолог Тынышбай Рақым «Тәуелсіздік-тірегім» оқитын Бостанов Тамерлан 9 а сынып оқушысы. (өзі таныстырады)
    Қазақ биі: 7а Ақниет, Арайлым, 9а Жадра, Тахмина, Алтынай   ( қыздар тобы)
    3-жүргізуші Мереке  9а
    Көрініс «Егемендік деген не?»
    1-жүргізуші Санжар  9а
    Көркем сөз:  Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік» оқитын Сұлтанбейбарыс Мәдиұлы 7а сынып оқушысы
    2-жүргізуші Нуриля 7а
    Елдігіміз бен бірлігімізді , ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай ! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
    1-жүргізуші Санжар  9а
    Тұрса да биік өр басын,  Қазаққа бақыт орнасын.  Сексен алтыншы жылғыдай,  Желтоқсан желі болмасын!  Күн кешіп лапылдаған жастарым,  Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.  Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін  Қорғау үшін көтерді олар бастарын
    2-жүргізуші Нуриля 7а
    Ту тігілді халқымның бүгін бағына  Жас өрендер желбіретіп нық ұста  Ғасырларға жалғастырып елдікті  Дақ түсірме ата баба рухына 
    4-жүргізуші Анар 7а
    Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.
    3-жүргізуші Мереке 9а
    «Біз кімбіз?» ( таңбалау)
    Оқушылар бірге:
    Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз
    А -Біз ел қорғаушымыз
    З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
    А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз
    Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын
    С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз
    Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген,
    А- Біз білімге, адамгершілікке құштар
    Н- Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз
    1-жүргізуші Санжар 9а
    Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын. Егемендігіміз мәңгілік болып көк туымыз әркез биікте желбірей берсін.
    Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
    Қош, сау болыңыздар!

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки