Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    экстернат

    Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы
     
          Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
          Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында оқыту қағидалары бекітілсін.
          Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
          2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
          3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
          4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
    Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
    Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

    А. Сәрінжіпов

     

     

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген

    Экстернат нысанында оқыту қағидалары
          Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    1-тарау. Жалпы ережелер
    Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және негізгі орта, жалпы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.
    Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:консультация – білім беру ұйымы белгілейтін экстерндермен жұмыс жүргізу нысаны;экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.
    2-тарау. Экстернат нысанында оқыту тәртібі
    Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту технологияларын қолданып меңгертуді қарастырады.
    Экстернат нысанында оқу:
          негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:
    - денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
    - уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
    - барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:
    -денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға;
    -білім беру ұйымдарының білім алушылары алдыңғы оқу кезеңінде "жақсы" және "үздік" оқитын орташа балы 4,5 және одан жоғары болған жағдайда;
    -күндізгі оқу нысанында, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға;екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын (А, А- бағасына балама) білім алушыларына;
    -күндізгі оқу нысанында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға ұсынылады.
    Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:
          1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;
          2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.
    - Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.
    - Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.
    - Экстернат нысанында білім алу Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген орта немесе жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
    - Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:
          1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар денсаулығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;
          2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім алушылар олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;
          3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей береді.
    - Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген) "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ресімделеді.
    - Жоғары оқу орындарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 тіркелген) "Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ресімделеді.
    - Экстернат нысанында оқыту үшін негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары білім алушының денсаулық жағдайын және ағымдық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасын және консультация беру кестесін құрады.
    - Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
    - Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының экстерндерін ағымдық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды. Экстерндерді ағымдық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымының басшысы ағымдағы оқу жылының 10 мамырынан кешіктірмей жариялайды.
    - Консультациялар мен аралық аттестаттаулар ағымдағы оқу жылының қаңтар-сәуір айларында негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
    - Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы белгілейді.
    - Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының аралық аттестаттау мен (немесе) қорытынды аттестаттаудан өтпеген экстерндері экстернат нысанынан басқа нысанда жүзеге асырылатын қайта оқу жылына қалдырылады.
    - Экстерндерді аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері "Экстернат" белгісі бар хаттамамен ресімделеді және оған емтихан комиссиясының мүшелері қол қойып, орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
          Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.
    - Аралық аттестаттаудан өткен экстерндерге тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқуды экстернат нысанында аяқтағаны туралы белгісі бар қорытынды бағаларымен белгіленген үлгідегі құжат беріледі.
    - Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
          Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында өзін өзі тану, дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта "оқылған жоқ" деген жазу жазылады.
     
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки