Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Математикалық футбол

    Математикалық футболдың ережесі
     
    Команда:
    1. Команданың аты мен капитанын анықтау;
    2. Құрамында 5 адамнан құралған, қақпашы, қорғаушы және шабуылдаушыдан тұрады. Орналасуы: 1+2+2, 1+1+3, 1+3+1, яғни 1 шабуылдаушы, 2 қорғаушы және 2 қақпашы;
    3. Ойыншылар өздерінің орналасуын тайм аяқталғаннан соң өзгерте алады.
     
    Ойын:
     
    1. Әрбір кездесудің басында қай команда бірінші болып шабуылдауды бастайтынын анықтайды.
    2. Ойын кезек – кезек бір топтың шабуылдаушы мен екінші команданың қорғаушылары немесе қақпашымен шабуылдаушылардың арасындағы қарсы тұруымен  жалғасады.
    3. Қарсы тұру барысында екі тарапқа бір мезгілде бірдей есеп беріледі, осы есепке аз уақыт ішінде жауап беру қажет.
    4. Әр тараптың әр есепке 3 – ке дейін дұрыс жауаптарын ұсынуына мүмкіндігі бар.
    5. Жалпы есепті орындауға 3 минут, соңғы финалдық ойында 4 минут уақыт беріледі.
    6. Уақыт аяқталғанда дұрыс жауапты ешбір тарап ұсынбаса, онда  екі тарапқа басқа есеп беріледі. Егер екінші есеп те шығарылмаса онда екінші тарап шабуылдайды.
    7. Кездесу 20 минуттық екі таймнан тұрады, ал финалдық кездесу 25 минуттық екі таймнан тұрады, тайм арасында 5 минуттық үзіліс бар.
    8. Шабуылдау барысында тайм бітсе, онда шабуылдауды аяқтауға мүмкіндік береді. Ойын доп қарсы командаға берілгенше жалғасады.
    9. А командасының шабуылдаушысы мен В командасының қорғаушысы арасындағы қарсы тұруы: Финалдық кездесу барысында, егер ойын уақыты бітіп, теңбе-тең аяқталса, онда барлық 4 ойыншы кезек-кезегімен қақпаға  пенальти добын /айып добы/ соғады. 4 пенальти допты соққанда, жеңімпаз анықталмай жатса, онда команда ойыншылары 1 допты қақпаға дәл салмайынша, пенальтий допты соғуды жалғастыра береді.

    Егер А командасының шабуылдаушысы бірінші болып дұрыс жауап берсе, онда келесіде В командасының қақпашысымен кездеседі.

    Егер В командасының қорғаушысы бірінші болып дұрыс жауап берсе, онда келесіде В командасының шабуылдаушысы А командасының қорғаушысымен кездеседі.

    Егер В командасының қақпашысы мен А командасының шабуылдаушысы кездескенде А тобының шабуылдаушысы ұтса, онда  В командасына гол соғылды деп саналады, ал егер В командасының қақпашысы ұтса, онда В командасы шабуылдайды, А командасы қорғанады.
    - Ойын барысында командадағы қатысушылар, мысалы бір команданың екі қорғаушылары тапсырмаларды бір-бірімен талқылай алады (А тобының 2 қорғаушысы тапсырманы орындау барысында бір-бірімен ақылдаса алады, дәл солай В командасының шабуылдаушылары да талқылай алады). Және ойын барысында қатысушылар тыныштақ сақтауы керек.
    - Әр түрлі жағдайда ойын ережесін бұзғанда,   команда мүшесіне сары карточка беріледі. Ал, ережені қайталап бұзған жағдайда, немесе ойында үлкен тәртіп бұзғанда ойыншы ойыннан шеттетіледі. Сонымен қатар ойыннан шығарылған қатысушының орнына жаңадан қорғаушы/ойыншы қатысуына болады.

     Матфутбол Кубогының ойын ережесі:
     
    • Командаларды жеребе тастауы бойынша 2 топқа бөлінеді  және әр топта 4- командадан болады.                                 
    1. Іріктеу турдағы әр   топ өзіндегі 4 командасымен кездесіп шығуы керек.                     
    2. Жеңген топқа- 3 ұпай, тең түскенде- 1 ұпай, жеңілгенде- 0 ұпай беріледі. Жеңімпаздар іріктеу турдағы ұпай санымен анықталады
    3.  Ұпай саны тең келген жағдайда, топтағы ойыншылардың жеке қабілеттері назарға алынады. Бұр критерий жеңімпазды анықтамаса, команда басшыларының сайысы ұйымдастырылады /1 сұрақ/     
    4. Ширек финал ойындары командалар арасында жүргізіледі. Өз тобында бірінші орын алған команда екінші топтағы екінші орын алған командамен кездесу ойындарын жасайды.        
    5.  Жартылай финалда жеңілген командалар өз арасында 3 орын алу үшін жарысады.  Ал, жартылай финалда 1,2 орынмен жеңген командалар өзара 1 және 2 орынға ие болу үшін жарысады.
        
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки