Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Химия олимпиадасы

    ҚОСЫМША-1

    Химиядан  оқушылар арасында өтілетін «Химия олимпиадасы»

    ЕРЕЖЕСІ

     

    Бұл ереже 8 – 10 - сыныптар  арасында химиядан өтілетін «Химия олимпиадасы» (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуінің, ұйымдастырушылық - әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.

    Олимпиаданы өткізудегі мақсаты –  Астана қаласы мектептеріндегі химия пәні бойынша  дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

    Олимпиаданың міндеттері:

    • химия пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай туғызу;
    • қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру;

    Олимпиадаға қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, мақтау грамоталарымен марапатталумен қатар, барлық қатысушыларға сертификат табысталады. Әр сынып бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен бір оқушыға «Менделеев кубогы» табысталады.

     

    Әр қатысушы тапсырманың қазақ және орыс тіліндегі жазбаша нұсқасымен қамтамасыз етіледі. Олимпиаданың  өткізілу ұзақтығы 2 астрономиялық сағат.

    Олимпиада жұмыстары олимпиада өтілгеннен кейінгі 1 сағатта тексеріледі.

    Олимпиадада деңгейі жоғары 4 есеп беріледі. Уақыты 120 минут. Әр есепке берілетін жоғары ұпай -10. Жазбаша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып қазылар алқасына тапсырылады.

    Олимпиаданың өткізілу тілі – қазақша және орысша.

    Олимпиада тапсырмасын орындау кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. Қатысушылар өзімен бірге ақ парақ пен жазу жазатын құралдарды, калькулятор, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі мен Ерігіштік кестесін  ғана ала алады. Олимпиада ережесін бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.

     Олимпиада өткізілгеннен кейін сол күні қатысқан оқушылардың рейтингісі мектеп сайтына шығарылады және мектепте марапатталады.

        

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки