Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне қабылдау Ережесі

     №9 «Зерде» мамандандырған мектебіне қабылдау

     Ережесі

              1. Жалпы ережелер

     Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (бұдан әрі – Әдістемелік нұсқаулықтар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мамандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 19 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген Мамандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

     ҚР Білім және ғылым министрлігі дарынды балаларды анықтау, іріктеу және қолдау мақсатында Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы №277 бұйрығымен бекітілген ҚР білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарының 46-тармағын орындау шеңберінде әзірленген (№кіріс: 4-11-2/1378-И 20.04.2018 ж) әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынады.

     №9 «Зерде» мамандандырған мектебіне,  Нұр - Сұлтан қаласының  жалпы орта білім беретін  мектебінің 2020 жылы 6-сыныбын бітіретін  оқушылар қабылданады.

     

             Оқушыларды  қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу  мектеп директорының бекітуімен   орталық қабылдау комиссиясы  белгілейді.

     

             Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін  №9 «Зерде» мамандандырған мектебіне директорының бұйрығымен  саны 11 адам, мектеп  педагогтары мен мамандарынан және ата-анадан  (бір адам) тұратын   қабылдау комиссиясы құрылады.

     

    Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.

     

    №9 «Зерде» мамандандырған мектебіне түсуге конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады: 

    1. конкурсқа қатысу үшін арнайы формадағы өтініш; 
    2. үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, 3х4 сурет (2 дана) ;
    3. ЖСН көшірмесі (бар болған жағдайда)

      Барлық құжаттар онлайн түрде қабылданады.

     2020-2021 оқу жылының 7- сыныбына  құжаттарды қабылдау 20 мамыр -19 маусым, сағат  9:00-17:00 аралығында жүргізіледі.

     Үміткерлерді іріктеу  ойлау қабілетінің  деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде   өткізіледі.

     Конкурсқа  қатысу үшін  құжаттарын Ережеге сәйкес  тапсырған  үміткерлер жіберіледі. Конкурс  1 кезеңнен ғана тұрады. Емтихан  22 маусым 2020 жыл  өткізіледі.

      22-маусым - Математика және Логика, сағат 8:00 - тіркелуі, сағат 9:00 - басталуы.

       Логика мен математика бойынша  іріктеу тестілеуі (20  сұрақтан тұратын  логикалық тест тапсырмалары, орындау ұзақтығы 60 минут), стандарт бойынша 5 математикалық есеп (есептің шешімінің  міндетті түрде шығарылу жолы көрсетілуі керек, орындау ұзақтығы  60  минут).  Бірінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт барлығы  - 120 минут.  Тестілеу кезінде  қағаз   нұсқалар  қолданылады.

     Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

     Конкурстың нәтижесі тестілеу аяқталған соң, сол күні  сағат 18-00-де мектеп сайтына 9.astana-bilim.kz  жарияланады.

     
    Конкурс нәтижелерін қайта қарау тәртібі

     Үміткер конкурс  тапсырмаларының  нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің  қорытындысы хабарланған соң  бес күн ішінде  апелляциялық комиссияға  шағым жасауға құқылы.

     Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды: 

    • байқау тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;
    • байқау тапсырмаларын орындау кезінде үміткердің   қойылған тәртіп  ережелерін бұзуына  байланысты;
    • тестілеу кезінде үміткердiң жауап  парақтарының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда;

    Апелляция барысында конкурс  тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы   тексеріледі.  Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

     Апелляциялық комиссия конкурс  тапсырмаларының  нәтижесін өзгерiссiз қалдыру  немесе  өзгерту туралы шешiм қабылдайды, арнайы үлгіде акт жасалады, үміткерге  не себепті ұпай қосылғандығы  туралы конкурстық  комиссияға  ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларды хабардар етеді.


    №9 «Зерде» мамандандырған мектебіне оқушы қабылдау тәртібі

     Мектепке қабылданатын үміткерлер тізімі қабылдау комиссияның хаттамасы негізінде мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

     
    Резевтік тізімді жасау және резервтегі тізімен үміткерлерді мектепке қабылдау тәртібі.

     Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орын болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер, оқу жылының басталу қарсағында бос орын болған жағдайда оқуға тарту мақсатында қабылдау бойынша орталық коммисия бекітетін резевтік тізімге енгізіледі.

     Конкурстық іріктеуді өткізуде немесе резервтік тізімнен кандидат анықтауда оқушыны мектепке қабылдау үшін ұпай сандары бірдей болған жағдайда басымдыққа ие болатын үміткер келесі: 

    • математика пәні бойынша пән олимпиадасының жеңімпазы.

     Қорытынды ереже.

     Негізгі ережеде ескерілмеген сұрақтарды ҚР бекітілген ішкі құқықтық актілері мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс ұйымы шешеді.

     Мектептің қаржыландыруы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамыр №499 қаулысымен бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 33-тармағының 1,2,3-тармақшасы негізінде қаржыландырылады.

     

    Өтініш формасын жүктеу    Онлайн өтініш беру

    Қосымша ақпарат үшін:

     

    телеграм канал: https://t.me/zerde_school

     

    Мектепке қабылдау емтиханын өткізу алгоритмі

    7 сыныпқа қабылдауға байланысты коммисися құру туралы

     

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки