Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Мектеп жайында

    Мектептің негізгі бағытыжаратылыстану - математикалық; математика-физика бағдарындағы математика, физика пәндерін тереңдетіп оқыту.
     Мектептің мақсаты:
     Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін және дарынды оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту арқылы жеке тұлғаға бағытталған білім беру кеңістігін қалыптастыру.
    Міндеттері:
    1) әр оқушының табиғи интеллектуалдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, білім алушылардың арнайы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту;
    2)  дарынды балалардың ерекше қабілеттерін ескере отырып шығарма-шыл тұлға қалыптастыру үшін өзіндік жағдай жасау;
    3) оқуға және өз білімін жетілдіруге жоғары тұрақты мотивациясын дамыту;
    4)  оқушылардың аса маңызды білімнің берік базисі мен тәжірибелік жә-не интеллектуалдық дағдының кең кешенін, көп мәдениетті тұлғаның ізгілік құндылықтарының тұрақты жүйесін, әсемдік сезімін және мәдени қажеттіліктерін қалыптастыру;
    5) азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеу, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз халқының дәстүрін құрметтеуге, конституцияға, қоғамға жат әрекеттерге ымырасыздыққа баулу;
    6) жаратылыстану, математикалық, техникалық және гуманитарлық мәселелерді өз бетінше іздену мен шешуге ынталандыратын зерттеу іс-әрекеттеріне ғылыми көзқарас негіздерін қалыптастыру.

    ЖЫЛДАР  СӨЙЛЕЙДІ

    2005-2006 оқу жылы  Дарынды балаларға арналаған «Зерде» мектебінің ашылуы.«Зерде» дарынды балаларға арналған мектеп» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Астана қаласы әкімдігі 2005 жылғы 26 тамыздағы №22-4-638 қ қаулысынің негізінде құрылған.
    2006 жыл. Мектеп өзінің алғашқы түлектерін ұшырды. Сынып жетекшісі Сонгобай Типан,16 түлек. Алғашқы «Алтын белгі» иегері Шайыхова Надира.Сейітбаев Жасұлан-география пәнінен республикалық кезеңде  3 орын иеленді. Жасұлан мектеп тарихындағы алғашқы республикалық олимпиада жеңімпазы болып танылды.
    2007 жыл. Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург  қаласында өткен  Калмогоров  олимпиадасының   жүлдегерлері:  Нұрсултанов Медет, Рахимбеков  Алихан,  Бокаев  Айдос.Жәутіков атындағы IV Халықаралық олимпиада  Нұрсұлтанов Медет – Қола медаль иеленді.
    2008 жыл. «Жыл мұғалімі»  байқауында география пәнінің мұғалімі Қ.Байтажикова І орын. «Үздік аттестат» иегері Абсаттарова Әсемгул ҰБТ-де 121 ұпай жинады.
    2009 жыл. Республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары Бектұров Бахтияр химия секциясы бойынша  Алтын медаль, Какенов Мұстафа қолданбалы математика секциясы бойынша  Қола медаль.
    2010 жыл.  Республикалық «Инновациялық идеялар» фестивалінде математика пәні мұғалімі Тердікбай Күшай І орын. Мектептің 5 түлегі Назарбаев Университетінің алғашқы студенттері атанды.Республикалық «Талантты ұстаз – дарынды оқушыға» атты педагогикалық олимпиада / оқушылары арасында/«Зерде жұлдыздары» тобы -І орын иеленді.
    2011 жыл.Аманкелдин Әкежан-Халықаралық Балкан юниорлар олимпиадасы, Кипр, Ларнака,Алтын медаль; Халықаралық математикалық олимпиада, Голландия, Амстердам, Қола медаль;Халықаралық Батыс Қытай олимпиадасы, Юшань аймағы, Алтын медаль иеленді.Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы «Педагогика және психология» секциясы бойынша мектебіміздің жоғары санатты психологы Бірмағанбетова Әсемкүл Бірмағанбетқызы І орын иеленді.
    2012 жыл.VIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында  Есенов Мурат  «Алтын медаль», Аманкелдин Әкежан «Күміс медаль», Қабыкенов Дәулет «Қола медаль» иегері атанды.
    2013 жыл. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасында орыс тілі пәні бойынша Жахина Роза 2-орын, Республикалық ғылыми жобалар сайысында физика секциясы бойынша Есенов Мурат пен Икрам Жансері 2-орын иеленді. «Дарынды балаларға  талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде  «Зерде»  командасы ІІ орын тұғырынан көрінді.
    2014 жыл.  ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп республика бойынша І орын иеленді. Орта көрсеткіш 116,9. 15- «Алтын белгі» иегері.Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында  «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылды.
    2015 жыл. Мектептің 12 түлегі  Назарбаев Университетінің студенті атанды.  Рахимова Гүлнар Мизинбайқызы « Республикалық үздік педагог-2015» сайысының жеңімпазы атанып, қаржылай грант жеңіп алды.
    2016 жыл.  Халықаралық Азия-Тынық мұхит елдері математикалық олимпиадасында Нарбаев Бақдәурен «Қола медаль» жеңіп алды. Халықаралық Жәутіков олимпиадасында  Мейрам Серікболсын мен Нарбаев Бақдәурен «Қола медаль» иегері атанды.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша мектеп командалық есепте ІІ орын алды.  Мектебіміздің олимпиада қоржынында  халықаралық және республикалық сайыстардан 10 медальмен толықты.
    2017 жыл. Халықаралық Жәутіков олимпиадасында  Мейрам Серікболсын «Қола медаль» иегері атанды.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада Мейрам Серікболсын –  І орын(математика), Кабульдинова Аина – І орын(орыс тілі), Боранбаев Қуандық  – ІІІ орын(биология), Турашева Анель – ІІІ орын(тарих). Мектептің 12 түлегі  Назарбаев Университетінің студенті атанды.Халықаралық "Математика және жобалау" ғылыми жоба сайысында  Сухамбекова Әсемгүл – ІІ орын иеленді. Республикалық "Талантты ұстаз - дарынды оқушыға" сайысында «Зерде» командасы І орын иеленді.
    2018 жыл. Халықаралық Жәутіков олимпиадасында  Мейрам Серікболсын «Қола медаль» иегері атанды.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша мектеп командалық есепте ІІІ орын алды.  Республикалық ғылыми жобалар сайысына өткен 10 жобаның 3 жоба жүлделі орынды  иеленді.
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки