Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Мектеп тарихы

    Тарихи анықтама
               Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дарынды балаларға және жастарға арналған мектептер мен мекемелердің аясын кеңейту және қолдау туралы Жарлығын іске асыру мақсатында 2005 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен дарынды балаларға арналған мектеп ашылды. Мектебіміз «Зерде» деп аталды, себебі дарын, зерде, парасат, зият, ақыл, ой өресі – ол бір қатардағы категориялар.
              Өркениетке қадам басқан тәуелсіз еліміздің ертеңі тек жаңаша ойлай алатын, уақыт өзгерісіне сай парасат-пайымы, білімі, түсінігі бар, жарқын жолға түскен жастардың еншісінде екені белгілі. Осы орайда Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі 2005 жылдың 1 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Дарынды балаларға және жастарға арналған мектептер мен мекемелердің аясын кеңейту және қолдау» туралы жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен ашылды. Мектебіміз «Зерде» деп аталады, себебі дарын, зерде, парасат, зият, ақыл, ой өрісі – бір қатардағы категориялар. Мектептің негізгі бағыты – математика, физика пәндерін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар бейіндік пәндер: химия, биология, географияны тереңдетіп оқытады. Мектептің миссиясы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында дарынды балалардың ерекше қабілеттерін жан-жақты жетілдіру, білім алушылардың арнайы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.
                Тиімді физика-математикалық дайындық – заман талабы, өйткені жан-жақты дамыған қоғамдағы еңбек адамның білімі мен ой- өресінің биіктігін, зияткерлік қуаттылығын тілейді.
    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі – ақысыз білім беретін мемлекеттік  мекеме. Мектепке қабылдау математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі.Мектепте 7-11 сынып оқушылары білім алады.
               2005 жылы 216 оқушы санымен бастаған мектеп контингенті бүгінгі таңда 371 оқушыны құрап отыр.Олимпиада,ғылыми жобалар сайысы  алғашқы 5 жылдықта 46% көрсетсе қазіргі таңда 75 % көрсеткішті құрап отыр.Жоғары санатты мұғалімдердің сапа көрсеткіші 22 %-дан 63  % көрсеткішке жетті.
                Мектеп ашылғалы 13 жыл бойы Астана қаласы білім беру мекемелері арасында ҰБТ-дан бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика  бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылса, 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында  «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылды. 2014-2015 оқу жылы «ҰБТ-2015» қорытындысы бойынша мектеп түлектері 112,9 жоғары ұпай жинапРеспублика көлемінде 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының қатарынан көрініп, мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы білім және ғылым  министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.2006-2018 оқу жылдары аралығында мектеп түлектерінің 76-сы «Алтын белгіге» аяқтаса, 46-сы дүниежүзінің беделді университеттерінде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Мектеп тарихында  58 оқушы Назарбаев Университетінің  грантын жеңіп алды. Мектеп түлектерінің 20%-ы НУ-не, 36%-ы Мәскеу мемлекеттік Университетіне, 9 %-ы Шетел жоғары оқу орындарының грантын иеленеді.
    2005-2018 оқу жылдарында Республикалық пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың 40%-ы жүлделі орындарға ие болды.
             Мектеп оқушылары 2005-2018 оқу жылында Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Халықаралық деңгейде нәтиже көрсеткен оқушылар үлесі 30 % құрайды. Мектеп түлегі Аманкелдин Әкежан   VІІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (ХЖО) “Күміс медаль»,XІ Батыс-Қытай математикалық олимпадасы «Алтын медаль» иегері. Мейрам Серікболсын халықаралық «Туймаада-2107» олимпиадасының Алтын медаль, Иран олимпиадасы- Қола медаль,Халықаралық XIV Жәутіков олимпиадасы- Қола медаль,Сұлтанғазин атындағы халықаралық математикалық олимпиада-2018- І орын иегері, халықаралық Азия-Тынық мұхиттық олимпиадасы мен «Жібек жолы» олимпиадасы-Қола медаль иегері.Бұлар мектеп тарихындағы аттары «Алтын» әріппен жазылатын оқушылар.
               Зерде  ұстаздары  осы  талап деңгейінен шығуға  өздерін саналы түрде бағыттайды, инновацияға жақын болуға, сапалы білім беруді басты мақсатым деп түсінеді.Сапалы білімге қалай қол жеткізу керек  екенін зерттей біледі, өзіндік авторлық идеялары, әдіс-тәсілдері бар.  Әр оқушының алған білімі Қазақстанды, оның ішінде астаналық өңірді, аймақтарды дамытуға бағытталуына ықпал еткен дұрыс. Мектеп түлектерінің Назарбаев университетіне, шет елдің беделді оқу орындарына түсуі,халықаралық ,республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар алуы мектептегі білімнің сапалы екенін дәлелдейді.
             Мектеп мәртебесі жұмысқа қабілетті, шығармашыл, біліктілігі жоғары деңгейдегі өз ісінің шеберлері еңбегімен қалыптасады, көрінеді. Халықаралық, республика   көлемінде жетістіктерімен биік тұғырдан көрініп жүрген ұстаздарымыз Тердікбай Күшай, Дыбысбаев Болатжан, Сартқожа Байған, Хазез Мейрам, Есенбеков Самат, Хатап Қамбар, Ертісхан Дәркей, Байулова Гулназия Сабыровна,Шокатова Ғалия Шөкенқызы, Турсекеева Камилаш Қияқбайқызы, Бірмағанбетова Әсемгүл Әбдісалыққызы, Жумагулова Гулжан Сахановна,Нуржанова Қарлығаш Құдайбергеновна,Мұсабекова Сәуле Фазылжановна, Букенова Гаухар Асқанбекқызы, Боканова Айгул Ахметсапина,Ермағанбетова Гулшат Борисовна,  Бекенова Бибигул Мырзатаевна  сынды ұстаздар мектеп мақтанышы.
    Еңселі елордамызбен қарыштап  өркениетке қадам басып келе жаткан «Зерде» мектебі - 13 жылдық тарихында астаналық білім деңгейін көтеруде бірден—бір  дараланған білім ордасы болып табылады
                      

    Мектеп мәдениетін қалыптастыру-  табысты мектеп кепілі

     

                    Жәнібекова Әлия Жәнібекқызы - мектеп директоры     жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Республикалық «Үздік ІТ-Менеджер» байқауы 1–орын жеңімпазы, «Үздік авторлық жоба» байқауы 1-орын, «Үздік ғылыми-әдістемелік орынбасар» қалалық сайысының 1-орын жеңімпазы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы иегері,Кембридж университетінің Білім беру факультетімен ынтымақтастығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының жалпы білім беретін мектеп басшыларының біліктілігін бітірген.

                     Әлия Жәнібекқызы басқарып отырған Астана қаласындағы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі республикаға танымал, білім мекемелері арасында алдыңғы қатарда көрініп отырған білім ордасы. Жас мамандарды жұмысқа тартып, оларға әдістемелік көмек беру – озық тәжірибелі ұстаздың өзгеше ұстанымдарының бірі. Мектеп ұжымын алдыңғы қатарда алып келе жатқан білікті де, білімді басшы, өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіру үстінде жүреді. «Оқу мен тәрбие егіз» деп түсінетін мектеп директоры білім беру мен  тәрбиеге қоятын талаптары бірдей. Ұжымды басқару ісінде мектеп басшысының негізгі функциясы – оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу, өзі көшбасшы бола отыра, ұжымда бөлінген көшбасшылықты орнатуды  негізгі міндетім деп түсінеді. Мектеп басшысына өзі әрекет ету, басқару, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілген. Осы өкілеттік негізінде бөлінген көшбасшылықты ұтымды пайдалану ол  басқарушы жұмысының нәтижесін арттырып, ұжым алдына беделін одан әрмен көтеруге айырықша мән береді. Осы негізде бөлінген көшбасшылықты меңгерген мұғалім кәсіби беделі және жеке тұлға ретінде моральдық беделіне сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпалдасуда.

        1.Астана қаласындағы дарынды балаларды шыңдайтын мектептің бірегейі осы Сіз басқарып отырған «Зерде» мектебі екенін білеміз.Мектебіңізді «табысты мектеп» қатарына жатқызасыз ба?

    -Әрине, «табысты мектеп» ең алдымен сапалы білім беретін, нәтижеге бағытталып жұмыс істейтін, білімі мықты мұғалімдері бар, жетістік жолында аянбайтын алғыр оқушылары бар мектеп деп түсінемін. Осының бәрі «Зерде» мектебінде бар. Мектебіміз білім саласындағы инновацияларды қолдай отыра табысты мектепке қадам басуда.

    1. Алға қойған мақсаттар мен талаптар орта мектептерге қарағанда қаншалықты биік? Сіз бұл мектепті басқаруды енді бастадыңыз. Зерде мектебінің Астанадағы басқа мектептерден қандай ерекшелігі бар?

    - Директорлық еңбек жолымды енді бастап жатсам да, бұл мектепті директор орынбасары болып 5 жыл көлемінде қызмет еттім.

             Бұл мектепте алға қойған мақсат пен талап өте жоғары, өйткені мектебімізде дарынды балалар контингенті шоғырланған. Бұл жерде талап бірінші мұғалімге қойылады, білімді сапалы беру және жетістікке жетелеу. Ал өз кезегінде мұғалім оқушыға талап қоя отыра, берген білімін тереңдетеді, оқушының өздігінен білімін шыңдауына  бағыт–бағдар береді. Екі тұлғаның да алар шыңы ол-олимпиада шыңы болып табылады. Табыс ортақ, еңбек екі жақтан да.

     Ерекшелігі дарынды балалар мектебі болғандықтан пәндердің тереңдете оқылуына үлкен мән беріледі, қай пән болса да күрделендірілген бағдарлама, тапсырма жүйесі талап етіледі. Мектеп бағытына  сәйкес тереңдетілген бағдарламаны іс жүзіне асыруда толық күн режимінде жұмыс істейді.  Оқу жоспарының вариативті бөліктегі курстар жұмыс күнінің екінші жартысында орындалады.  Кадрлар құрамымен де ерекшеленеді, мектепте ер азаматтардың үлесінің біршама екендігі, олардың білімдерінің тереңдігі.Кадр таңдаудағы ерекше жауапкершілікті де атауға болады.Жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің  сапалық құрамы  78% - құрайды.

     

    1. қандай қолдау жасап жатырсыздар?

    - Жетістікке жеткен сайын, одан да биік шыңдарды бағындырғың келетіні табиғи нәрсе. Оқушының талпынысы әр жеткен жетістігінен кейін күшейе береді. Ынталанады, алға қарай қарыштауға өзін-өзі қайрайды. Менің бір сүйсінетінім, біздің оқушылардың еңбекқорлығы,олардың жеттім деп аспайтын, қарапайымдылықтары. Дарынды бала жан-жақты болатындығы, бір ғана пәннің жетегінде кетпей өзін әр салада көрсетуі қуантады. Мектебіміз жаратылыстану бағытын тереңдеткенімен, гуманитарлық бағытта да асқан асулар баршылық, өнер, спорт саласынан да құр алақан емеспіз. Тағы бір айта кетерлік жай ата-ананың мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуы, оқушылар денсаулығының қадағалануы, мерзімді тамақтануына көмек жасауы. Қамқоршылық кеңесінің мектепті басқарудағы ролінің артуы.

    1. білім» , «зерделік  мұғалім»   ұғымы, атауы  қалыптасқан сияқты, осы  туралы ойыңыз қандай?

    - Астана  республикамыздың бірден назары ауатын, Астанаға қарап бой түзейтін, үлгі-өнеге алатын, жаңалықты тарататын, креативті ойлайтын ортаға айналып келеді. Ал «Зерде» мектебі осы Елордадағы алғашқы дарынды балаларға ашылған мектеп. Мектебіміздің  барлық қазақстандықтардың назарында тұруы да біздер  зерделіктер үшін  өте үлкен жауапкершілік әрі сын.  Зерде мектебін республика жұртшылығы түгел біледі. «Зерде» мектебі   11 жыл бойы Астана қаласы білім беру мекемелері арасында ҰБТ-дан бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика  бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылса, 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында  «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылды.

               Зерде  ұстаздары  осы  талап деңгейінен шығуға  өздерін саналы түрде бағыттайды, инновацияға жақын болуға, сапалы білім беруді басты мақсатым деп түсінеді.Сапалы білімге қалай қол жеткізу керек  екенін зерттей біледі, өзіндік авторлық идеялары, әдіс-тәсілдері бар.  Әр оқушының алған білімі Қазақстанды, оның ішінде астаналық өңірді, аймақтарды дамытуға бағытталуына ықпал еткен дұрыс. Мектеп түлектерінің Назарбаев университетіне, шет елдің беделді оқу орындарына түсуі, халықаралық,республикалық олимпиадаларда жүлделі орындар алуы мектептегі білімнің сапалы екенін дәлелдейді.

              -Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуды басты бірінші орынға қоямын, сол менің ерекшелігім деп білемін. Мектепте мұғалімдер көшбасшылығын белгілеудің негізгі өлшемдерін ұғына білудің маңызы зор. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы-мұғалімдер өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола біледі деп ойлаймын.Өйткені мектебімізде  білім, тұлға, бедел жағынан ерекшеленетін мұғалімдер тобы басым.

             Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ, мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарлаймын. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырамын.

             Сыныптағы  оқушылардың  көшбасшылығы да  терең білім щеңберін қалыптастыруда маңызды. Дарынды мектеп ерекшелігінде, мектептің әр оқушысының бойында көшбасшылық қасиет бар. Бәсекелестік ортада өзін көрсетуге, суырылып алдыға шығуға талпыныс зор. Сонымен қатар дарынды оқушының бойында өзімшілдік, өз дегеніне жетуде табандылық, жетістікке жету жолында адамгершілік қасиеттерді сырып тастау кездеседі. Міне, осының бәрін ескере отырып оқушы бойындағы көшбасшылықты дұрыс бағытта дамыту және қолдану менің  міндеті болып табылады.

             Мектептегі тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер  болған мұғалімдер көшбасшы  рөлін де қабылдай алатыны сөзсіз. Мектеп мәртебесі жұмысқа қабілетті, шығармашыл, біліктілігі жоғары деңгейдегі өз ісінің шеберлері еңбегімен қалыптасады, көрінеді.

             «Мектеп мәдениеті» деген тіркес көп айтылып жүр, бұл ұғымды қалай түсіндірер едіңіз?

    -«Мектеп мәдениеті» түсінігі педагогикалық менеджментте мектеп ұжымындағы әдет- ғұрып, салт- дәстүр, ұстаным, адам бойындағы құндылықтарының жиынтығы және білім беру мекемесіндегі өзара қарым –қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал. (М.М.Поташник, А.М.Моисеев) делінген. Осы анықтама мектеп мәдениетін толық түсіндіріп тұр.Басқарып отырған мектебімдегіМектеп мәдениеті - бұл ұжым мүшелерінің қабылдаған рухани , мәдени құндылықтардың жүйесі. Бұл өз ретінде ұжым мүшелерінің ойлауындағы, сезімдеріндегі, іс – әрекетеріндегі негізгі ұстаным, бағдар беруші және жол сілтеуші, нәтижесінде мектеп ұжымында қалыптасқан ынтымақтастық орта және жағымды психологиялық ахуал деп ойлаймын. Жағымды орта қалыптасқан мектепте жұмыс нәтижелі,сапалы жүреді.  Мектеп мұғалімі жұмысына қуанып келіп, үйіне қуанып оралатын болса, ең ұтқаным осы деп білемін.

             Мектеп мәдениеті шеңберіне ұжым мүшелерінің қарым-қатынас мәдениеті, сөз мәдениеті, мұғалім имиджі,мұғалімдердің, оқушылардың тіпті ата-аналардың әдеп кодексі де кіреді.

             Мектеп мәдениеті қалаптасқан білім ошағы кез –келген ауқымды жобаларды жасқанбай жүзеге асырады. Өз істеріне сенімді болады. Сонымен қатар өз бағаларын біледі, өзін –өзі бағалаулары жоғары болады. Мақсаттары биік, міндеттері айқындықатарымен ерекшеленеді.

    Мен басқарушы ретінде SMART - мақсат пен SWOT-талдауды қолдана аламын. Өз мектебімдегі мәдениеттің ресми және бейресми жағдайларын түсіндіре аламын. Мектебіміздегі құндылықтар мен ұстанымдардың маңызды басымдылықтарын анықтап , сол бойынша жоспарлы жұмыс атқарамын.

     Мәдениетті басқарудың көшбасшылардың  негізгі міндеті екендігін айқын  түсінемін. Оқу мен оқытудың сапалылығына,  жалпы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жайлы болуына мәдениетті басқарудың ықпалының зор екендігіне көзім жетті. Мәдениетті қарым-қатынас жасауға деген менің көзқарасым өзгерді. Мектепте бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар, ол дәстүр қағазға жазылып таңбаланбаса да әр оқушы мен мұғалімге аманат болып қалып отырған құнды жәдігер сияқты. Жазылмаған әдеп нормасы да бар. Осы дәстүрді оң істерге бағыттау менің басты ұстанымым. Тәжірибелі ұстаздардың жастарға тәлімгерлік етуі,артынан орнын басатын маман тәрбиелеу, үлкен сыныптардың кішілерге қамқорлығы, баланы бала оқыту сияқты тұстар игі нәтижесін беріп жүр.

             Мектептің педагогикалық ұжымы келешекте биік белестердерді бағындырады деген үлкен сенім білдіремін!

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки