Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне қабылдау Ережесі

    Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік  нұсқаулықтар
    Әдістемелік ұсынымдар 
    Бұйрық 564 12.10.2018

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне қабылдау

    Ережесі

     1. Жалпы ережелер

    Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (бұдан әрі – Әдістемелік нұсқаулықтар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген  Мамандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 19 шілдедегі № 289 бұйрығымен бекітілген Мамандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

    «Білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс істеу жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығымен бекітілген («Білім-инновация» лицейлерінен басқа) мамандандырылған білім беру ұйымдарына қолданылады.

    Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы  6 қарашадағы№  107-1654 қаулысынақосымша, Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Жарғысының 38,39 тармағын басшылыққа алады. 

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне,  Астана қаласының  жалпы орта білім беретін  мектебінің 2019 жылы 6-сыныбын бітіретін  оқушылар қабылданады.

     Оқушыларды  қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу  мектеп директорының бекітуімен   орталық қабылдау комиссиясы  белгілейді.

     Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін  Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне директорының бұйрығымен  саны 11 адам, мектеп  педагогтары мен мамандарынан және ата-анадан  (екі адам) тұратын   қабылдау комиссиясы құрылады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуге конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

    1. конкурсқа қатысу үшін арнайы формадағы өтініш (скоросшиватель); 
    2. үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, 3х4 сурет (2 дана) ;
    3. ЖСН көшірмесі (бар болған жағдайда)
    4. үміткердің оқу орнынан  5-6 сыныптарды бітірген үлгерім табелі  (директор мөрімен расталған);
    5. үміткердің жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (тек қана 5-6 сыныптағы математика пәні бойынша жетістіктері).

    Барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге( скрошиватель)салынады.

           2019-2020 оқу жылының 7- сыныбына  құжаттарды қабылдау 24 сәуір -10 мамыр, сағат  9:00-17:00 аралығында жүргізіледі.

    Үміткерлерді іріктеу  ойлау қабілетінің  деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде   өткізіледі.

    Конкурсқа  қатысу үшін  құжаттарын Ережеге сәйкес  тапсырған  үміткерлер жіберіледі. Конкурс  2 кезеңнен тұрады. Емтихан  18-19 мамыр 2019 жыл аралығында өткізіледі.

    1 тур: 18-мамыр - Математика және Логика, сағат 8:00 - тіркелуі, сағат 9:00 - басталуы.

    2 тур: 19 мамыр - қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (оқу сауаттылығы бойынша)

     Ескерту: ІІ кезеңге І кезеңнен өткен оқушылар ғана қатыса алады!

    Бірінші кезеңде  логика мен математика бойынша  іріктеу тестілеуі (20  сұрақтан тұратын  логикалық тест тапсырмалары, орындау ұзақтығы 60 минут), стандарт бойынша 5 математикалық есеп (есептің шешімінің  міндетті түрде шығарылу жолы көрсетілуі керек, орындау ұзақтығы  60  минут).  Бірінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт барлығы  - 120 минут.  Тестілеу кезінде  қағаз   нұсқалар  қолданылады.

    Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.

    Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі тестілеу аяқталған соң, сол күні  сағат 18-00-де мектеп сайтына 9.astana-bilim.kz  жарияланады.

    Конкурстың  екінші кезеңі бірінші кезеңнен өткен  үміткерлер үшін  өткізіледі.

    Конкурстың екінші  кезеңіне  бірінші кезең қорытындысы бойынша  жоғары балл жинаған  үміткерлер жіберіледі  (рейтинг бойынша).

    Екінші кезеңде оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) бойынша мәтінмен жұмыс нысанында тестілеу жүргізіледі.

     Әр пән бойынша 2 мәтін беріледі, әр мәтінде 5 тест сұрағынан (барлығы 10 сұрақ), лексика және грамматика бөлімінен (10 тест сұрағы)  болады.

    Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -90  минут.

    Екінші кезеңнің  нәтижелері  тестілеу өткізілген соң сол күні сағат 18.00-де  мектеп сайтына 9.astana-bilim.kz  жарияланады. 
    Екінші кезеңнің ұпай саны қосылып, жоғары балл жинаған үміткерлер (рейтинг бойынша) мектепке қабылданады.

    Үміткер конкурс  тапсырмаларының  нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің  қорытындысы хабарланған соң  бес күн ішінде  апелляциялық комиссияға  шағым жасауға құқылы.

    Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:

    • байқау тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы бойынша;
    • байқау тапсырмаларын орындау кезінде үміткердің   қойылған тәртіп  ережелерін бұзуына  байланысты;
    • тестілеу кезінде үміткердiң жауап  парақтарының бланкілерін дұрыс толтырмаған жағдайда;

    Апелляция барысында конкурс  тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы   тексеріледі.  Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

    Апелляциялық комиссия конкурс  тапсырмаларының  нәтижесін өзгерiссiз қалдыру  немесе  өзгерту туралы шешiм қабылдайды, үміткерге  не себепті ұпай қосылғандығы  туралы конкурстық  комиссияға  ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларды хабардар етеді.


    Өтініштің электрондық нұсқасын жүктеу:  Өтініш

     Онлайн өтініш беру

     

    Қосымша ақпарат үшін:

     

     

     

    телеграм канал: https://t.me/zerde_school

     

     

     

     

    Мектепке қабылдау емтиханын өткізу алгоритмі

     

    7 сыныпқа қабылдауға байланысты коммисися құру туралы

     

     

     

     

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки