Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Название страницы

     

    __________________________________________________________________

    Оқушылар назарына!

    Ғылыми жоба жетекшілері мен жоба жасап жүрген мектеп оқушыларының назарына Халықаралық ғылыми жобалар сайысының тізімін ұсынамыз. Бұл сайыстардың тізімі ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 7 желтоқсанындағы №514 бұйрығымен бекітілген. Сонымен қатар, 2014− 2015 оқу жылында Республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысуға тіркелгендер осы сайыстарға қатыса алады. Өзге мәліметтерді мына сайыттардан қарауға болады: www.daryn.kz

    Оқушылар назарына!

     2014 жылы қазан айында өтетін зияткерлік сайыстар.
    1.Биология пәнінен  мектепішілік олимпиада 6-7 сыныптар үшін
    2.Мектепішілік гуманитарлық "Полиглот" олимпиадасы
    3. 9-10 сынып оқушылары үшін мектепішілік кешендік ( математика, физика) олимпиадасы
    4.Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі 30 қазан 2014 жыл
    5. "Ақ бота" халықаралық сайысы
    6." Пони" 5-7 сыныптарға арналаған халықаралық сайыс 

    2014 жылы қараша айында өтетін зияткерлік сайыстар
    1."Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы
    2.Кукин атындағы математикалық олимпиада
    3.Л.Эйлер атындағы математикалық олимпиада
    4. Мектепішілік жаратылыстану бағыттағы кешендік пәнаралық  олимпиада (химия, биология) 7-8, 9-10 сыныптар

     

     

     

     

     

     


    Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

    Оқушылардың құқықтары:

    1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
    2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен  курстарын таңдауға;
    3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
    4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
    5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
    6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
    7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
     
    Оқушылардың міндеттері: 
     
    1. Әрбір адамның ар мен  намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
    2. Оқуға арналған уақытты  толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
    3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
    4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
    5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
    - үлкендерді құрметтеу;
    - басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
    - өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
    6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау. 
    7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
    8. Үлкенге -  құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.


    ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

    Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
    Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.
    Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына  мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.

    ТАБИҒАТ АПАТЫ  / ДАУЫЛДАР МЕН ҚАТТЫ ЖЕЛДЕР (Бури и сильные ветра)

    1.    Сіз дауылдың жақындағаның біліп сезсеңіз, онда есік пен терезелерді қатты жабу керек. Әйнектерге пластырьларды жабыстыру керек.
    2.    Шамдарды дайындап қойыңыз (электричестваны сөндіру мүмкін).
    3.    Электротехникалар мен сыртқы телеантеннаны сөндіру керек.
    4.    Жел алып кететін заттарды далада қалдырмау керек.
    5.    Егер дауыл болатының білсеңіз, теңіз жағасынан, өзендерден алыс ұсталу керек. Себебі, сіздерді су тасқынымен алып кетуі мүмкін.
    6.    Жер үйдің үлкен және мықты жағына баруыңыз керек, одан да жақсы подвалға бару керек.
    7.    Егер сізді ашық жерде дауыл алып кетсе, онда тұйық жерге жорғалап, тығылу керек. Бірақ, құлап жатқан ағаштардан, бұтақтардан сақтаныңыз.

    Кейбір жағдайларда дауыл тынышталады, бірақ сіз оған ұсталынып қалмаңыз және дауылдан тығылып жатқан жерден шықпаңыз, себебі дауыл басталып кетуі мүмкін.



    ТАБИҒАТ АПАТЫ  / КҮН КУРКІРЕУІ (Гроза)

    Сіздің әрекетіңіз: 
    1.    Егер сіз биік жерде болсаңыз, жылдам төмен түсіуіңіз керек. Ашық жерде биік, үлкен заттардан алыс ұсталу керек. Мысалы, жалғыз өсетін ағаштардан.
    2.    Денеңіздің дірілдегенің сезсеңіз (характерное шекотание кожи) және де шашыңыздың көтерілгенің (волосы поднимаются дыбом), біліңіз найзағай сіз тұрған жердің маңына соғатының. Ойланбай, жылдам жерге жатыңыз.
    3.    Егер сіздің айналаңызда үлкен, биік заттар болса және олардан алысқа кетуі мүмкіншілігі жоқ болса, онда құрғақ жерге барып отыруыңыз керек және аяғыңызды жерден көтеруіңіз керек. Міндетті түрде сіз құрғақ жерде отыруыңыз керек, себебі дымқыл, сулы заттар ток өткізуші болып келеді.
    4.    Тізенізді бүгіп, оны қолмен ұстап, басыңызды еңкейту керек.
    5.    Егер сіз қайықта отырсаңыз, онда жылдам жағаға жүзу керек, күн күркіреп, найзағай жарқырап жатқанда суда тұру сіздің өміріңізге өте қауіпті.
    6.    Егер сіз машинада келе жатсаңыз, машинаның ішінде қалыңыз. Себебі, машинаның іші күн күркіреп жатқанда ең қауіпсіз жер болып саналады. Машинаның металлдық корпусы сізді найзағайдың соғуынан сақтайды: егер найзағай машинаға соқсада, ол жерге кетеді. Ал, мотоциклде немесе велосипедте күн  күркіреу кезінде жүруге болмайды.
    7.    Қалада металды қақпалардан және барлық металлды заттардан алыс ұсталу керек.
    8.    Үйде отырғанда радио мен телевизорды сөндіру керек, күн күркірегенде бірінші орында терезелерді жабу керек.
    9.    Егер адамды найзағай басынан соқса, ол оның денесінен өтіп адамды өлтіреді. Сонымен бірге найзағай қатты күйдіріп бұлшық ет судорогалардың себебші болуы мүмкін.


                         Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес

    Стрессіз емтихан тапсыру

    1. «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
    2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
    3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т.б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
    4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
    5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
    6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады. 
    7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т.с.с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
    8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
    9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
    10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз. 


    Тамақтанудың негізгі ережелері

    Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
    Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
    Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
    1) Тамақ құрамында негізгі коректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
    2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
    3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
    4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
    5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.



    Қымбатты түлектер!
     
          Тестің алдында мақсатты түрде организміңді осы мәселе бойынша дайындап, сабақ пәндеріне аса назар аударып дайындал.
    •        ҰБТ-ге екі күн қалғанда
    Таза ауада көп серуенде (4 сағаттан кем болмауы керек), егер де бассейнге, моншаға, хауызға баратын мүмкіндік болса барып кел. Үйде әрқашанда әндетіп жүр жәнеде ритмикалық әуендерге қосылып ән айтып, биле.
    •        Бір түн алдында
    Тыныштандыратын шөп шайын іш.
    •        Тапсыратын күні
    Таза ауада 1 сағаттай серуендеп, музыка тыңда
    •        Тапсыруға 20 минут қалғанда
    Бір стакан шай немесе шырынды сок іш, болмай қалған жағдайда стакандағы таза суға С дәруменінін қосып ( аскорбин қышқылы 2,5 гр-нан аспау керек)   іш. Аскорбин қышқылы бар суды тест тапсырып отырған кезде де ішіп отыруыңа болады. 
    •        Дәл тестің басталуының алдында
    Қорқыныш сезімінен шық. Өз-өзінді  босатып, жинал. Бастапқы минуттың соңғы секундына дейін өз-өзінді қандай жағдай болмасын қолға ұстауға тырыс. Тыныс алу жаттығуын жаса (3-4 рет терең тыныс алып, демінді шығар)
     
    Іске сәт!
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки