Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Зерде олимпиадасы

    2-7 сыныптар мен мұғалімдер арасындағы Халықаралық

    Математикалық «Зерде» олимпиадасының

    Ережесі

     

    1. Жалпы бөлім.

    1.1  Бұл ереже 2-7 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасындағы халықаралық  математикалық «Зерде» олимпиадасының  (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуінің, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.

    1.2. Олимпиаданы өткізудегі мақсат – бастауыш және орта білімнің алғашқы кезеңінде мектеп оқушыларының  олимпиада жарыстарға  дайындығын жақсарту мен математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру, мұғалімдердің мамандық тұрғыда өсуіне ықпал ету болып табылады.

    1.3. Олимпиаданың міндеттері:

    ·         математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай туғызу;

    ·         қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру;

    ·         оқушылардың математикалық ұғымдарды ауызша талдауын, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету;

    ·         математика пәні мен бастауыш сыныптың дарынды ұстаздарын қолдап, насихаттау,    олардың өзара   тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

    1.4.   Олимпиадаға қатысушы жеке тұлғалардың 45%-нан кем емесі жүлделі орындар тағайындап, алтын, күміс, қола медалдар мен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталумен қатар, алдыңғы орынға ие болған команда кубок І дәрежелі диплом, келесі орындарғы командалар І, ІІ,  ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат табысталады. 

    2. Олимпиада қатысушылары

    2.1. Олимпиадаға орта жалпы білім берудің бағдарламаларын меңгеретін 2-7 сыныптағы  мектеп оқушылары мен бастауыш және математика мұғалімдерінен құралған, уақытылы тапсырыс беріп тіркелген  командалар қатыса алады. Халықаралық «Зерде» олимпиадасы cәуір айының 20-21 күндері Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде өткізіледі.

    2.2. Олимпиадаға  қатысушы әр команда құрамында бір мектептің 8 адамы (2, 3,  4, 5, 6, 7 сыныптардың әр қайсысынан 1 оқушыдан 6 оқушы, математика мұғалімі 1, бастауыш мұғалімі 1) болуы шарт.

     

    3. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

    3.1. Олимпиаданың өткізу күні жоспар бойынша белгіленеді. Олимпиаданы өткізу тәртібін Ұйымдастырушылар анықтайды.

    3.2  Олимпиадаға 6 оқушы 2 мұғалімнен  құралған команда шақырылады. Команданың құрамы: 2-сынып-1 оқушы, 3-сынып-1 оқушы, 4-сынып-1 оқушы, 5-сынып-1 оқушы, 6-сынып-1 оқушы, 7-сынып-1 оқушы (барлығы 6) және 2 мұғалім (бастауыш және математикадан бір бірден).

    І кезең – тестік кезең (1-күн);

    Олимпиада қатысушыларына орындауға тест түрінде 15-20 есеп  беріледі. Әр есепке 1 ұпайдан есептелінеді.

    Әр қатысушы тапсырманың қазақ тіліндегі жазбаша нұсқасымен, штамп қойылған жоба парақпен қамтамасыз етіледі. Олимпиаданың  өткізілу ұзақтығы 1 астрономиялық сағат.

    ІІ кезең –  жазбаша олимпиада  (1-күн);

    Жазбаша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып қазылар алқасына тапсырылады. Бұл кезеңде деңгейі жоғары 5 есеп беріліді. Орындау уақыты: 2-4 сыныптарға– 120 минут, 5 – 7 сыныптарға – 150 минут. Әр есепке жоғары ұпай -5. Олимпиада тапсырмалары ұйымдастырушы мектептің бұрыштама штампы қойылған дәптерлерге орындалады.

    1-2-ші кезеңнің олимпиада жұмыстары олимпиада өтілген күні тексеріледі. Олимпиаданың 1, 2-кезеңінің хаттамасы негізінде, жоғары ұпай санын жинаған командалар олимпиаданың 3-кезеңіне жолданады.  

    ІІІ кезең –  ауызша кезең (командалық) ( 2- күн).

    Ауызша кезеңде  әр параллелден қатысушы оқушыға екі есеп ұсынылады. Әр есепті  оқушы шығып әділ–қазылар алдында қорғайды. Қорғауға 2 мүмкіндік беріледі. Әр есеп үшін 1-мүмкіндікте қорғаса 5 ұпай, 2-мүмкіндіктен қорғаса 3 ұпай беріледі.

    ІҮ кезең –  мұғалімдер олимпиадасы ( 1- күн).

    Олимпиада команда құрамына кірген бастауыш және орта сынып математика мұғалимдері арасында жеке-жеке өтіледі. Мұғалімдерге  есеп тест түрінде және жазбаша шешуге арналып ұсынылады. Есеп шешуге 150 минут уақыт беріледі.  Әр тест 1 ұпай, әр бір жазбаша есеп 5 ұпайға бағаланады.

     ІІІ кезеңнің басында қатысушыларға жауап беру парақшасы таратылады. Жауап беру парақшасына қатысушы аты-жөнін, мектебін, сыныбын толық жазу керек. Осы парақшамен қатысушы жауап беруге шығады. Олимпиада аяқталған соң бұл парақша міндетті түрде комиссияға тапсырылады. Ұпайлар  жауап беру парақшасы негізінде есептелінеді.

    ІІІ кезең тапсырмасын орындап, қорғауға барлығы 150 минут уақыт беріледі. Есептің шешуі қазылар алқасына ауызша айтылады. Есептің  шешуін дәптерге қысқаша жазу талап етіледі. бірақ дәптерде есептің шығару жолдарын және есеп кезінде пайдаланатын негізгі заңдылықтар мен формулалар жазылуы керек.

    Есепті қорғайтын оқушы қазылар алқасына жауап беруге жауап беру парақшасымен шығады. Жауап беру кезінде түсініксіз жағдайларда қазылар тарапынан тиісті сұрақтар қойылады. Қатысушы тек қана жауап беру кезінде қателерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданып, жауап беру парақшасына «тапсырған жоқ» деп жазылады.

    Әр есеп бойынша қатысушы екі рет қана төрешіге келе алады. Екі ретінде де дұрыс, толық жауап берілмесе, бұл есеп шығарылмаған деп есептеліп, 0 ұпай беріледі.

                Бұл кезеңнің қорытындысы әр командададан қатысқан барлық оқушының қорғау нәтижесінде жинаған ұпайларының қосындысы бойынша шығарылады.

    3.6.  Олимпиаданың өткізілу тілі – қазақша.

    3.7. Қазылар алқасы дер кезінде туындаған жайттарға байланысты әр кезеңнің уақытын белгілі мөлшерде ұзарта алады.

    3.8. Тапсырманы орындау кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. Қатысушылар өзімен бірге ақ парақ не дәптер мен жазу жазатын құралдарды ғана ала алады.

    3.9. Тапсырманы орындау кезінде қатысушылар тек қазылар алқасы өкілдерімен ғана қарым-қатынас жасай алады.

    3.10.  Қатысушылар қазылар алқасына екi реттен артық сұрақ қоя алмайды.

    3.11. Олимпиада ережесін бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.

    3.12. Олимпиада өткізілуі Астана қаласы, Сарыарқа көшесі №20 үй, «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» ММ базасында өткізіледі.

     

    4. Олимпиаданы ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы

    4.1. Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» ММ.

    4.2. Олимпиаданы ұйымдастырушылар өз құзіреттілігі аясында:

    ·         Олимпиаданы өткізу мерзімін, тәртібін келіседі;

    ·         жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, мектеп мұғалімдерінен қазылар алқасының құрамын жасақтайды;

    ·         Олимпиада кезеңдерін өткізу барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады;

    ·         Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді;

    ·         Олимпиада тапсырмалары мен оны  бағалау өлшемдерін әзірлейді;

    ·         Олимпиадалық тапсырмалардың шешімін жариялайды және Олимпиада Ержесіне сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

     3.3. Олимпиаданың қазылар алқасы:

    ·         Олимпиадаға қатысушылардың тексереді, жұмыстарын бағалайды және бақылайды;

    ·         Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер кандидатурасын анықтайды;

    ·         Олимпиада тапсырмаларының әдістемелік және мазмұндық бірлігін бағалайды;

    ·         Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

     

    5. Бағалау жүйесі

    5.1. Ұсынылған тапсырмалардың күрделілік деңгейі белгілі шекте болуы керек. Тапсырмалардың күрделілігі оқушылардың өз білімі мен қабілеттерін толық дәрежеде көрсете алатындай, ал қатысушылардың басым көпшілігі берілген тапсырмаларды шешуге қол жеткізе алатындай болуы тиіс.

    5.2. Қатысушылардың шешімін бағалау жүйесі дұрыс орындалған тапсырмалардың әр біріне белгілі ұпай санын қоюды қарастырады.

     

    6. Олимпиада қорытындысын шығару

    6.1. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың І,ІІ кезеңінен жоғары ұпай жинаған жекелей оқушылар анықталады. Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.  Командалық орындар 3 кезеңнің ұпайы мен қалған үш кезеңнің ұпай сандары ескеріле отырып беріледі.

    6.2. Олимпиада өткізілгеннен кейін екі күн ішінде қорытынды кезеңге қатысқан оқушылардың рейтингісі мектеп сайтына шығарылады.

    Олимпиада жеңімпаздары Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуде басымдылық құқыққа ие болады.

    7. Олимпиаданы қаржылық қамтамасыз ету

    Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. 

    20-21 сәуір күні өткен Халықаралық Зерде олимпиадасының есептері:
    2 сынып
    3 сынып
    4 сынып
    5 сынып
    6 сынып
    7 сынып
    2-4 сынып ауызша кезең
    5-7 сынып ауызша кезең
    Бастауыш мұғалімі
    Математика мұғалімі
    Суреттері


    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки