Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Өмір тамаша!» ұранымен өткізілген  іс-шара жоспарының  анықтамасы

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі
    «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Өмір тамаша!» ұранымен өткізілген  іс-шара жоспарының  анықтамасы

     

     Астана  қаласы Білім басқармасының  04.09.2018 жылғы №502 бұйрық хаты негізінде Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде               
    «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Өмір тамаша!» ұранымен  іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шара негізінде мектепішілік директордың бұйрығы шығарылып, жоспар бекітілді.
           Оқушылардың өмір қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін сақтық шараларын өткізу мақсатында «Өмір, қымбатсың сен маған!» тақырыбында   7-11 сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.     7 «В» сыныбымен өткізілген «Өмір – қымбат сый» атты сынып сағатыныңмақсаты - өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру,бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.Сынып оқушылары бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерін  ояту үшін, ерекше амандасып алды.Қолдарын бір- біріне тигізе отырып  бір – біріне тілек айтты.  Т.Молдағалиев ағамыздың өмір туралы өлеңін оқып, не түсінгендері сұралды. Өмір , Бақыт ,Адамгершілік ,Денсаулық деген тақырыптармен топқа бөлінді.  Өмір туралы қалай түсінетіндіктері жөнінде ойларын постер қорғау арқылы  топпен жұмыс жасай отырып, жеке, жұппен , топпен  қорғады.

          Сыныптардың 2018-2019 оқу жылына арналған қауіпсіздік ережесі папкалары толтырылып бекітілді.

         І – қабатта мектеп кітапхана қызметкерлерінің  «Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі» атты тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жетекшісі Ш.Е.Әбдіхалықова.

    Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сақтық шараларын жасаудағы жауапкершілігін арттыруда мектебімізде «Қозғалыстың жас инспекторлар» тобы жасақталып,            
    7-8 сыныптарға өмір қауіпсіздік шараларын сақтау жұмыстарын жүргізіп, үгіт насихат жұмыстарын өткізді.

    Мектеп психологі А.А.Құндызбай 7 «а» сынып оқушыларына тренинг жүргізді. Тақырыбы «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

    Мақсаты: Жолда жүру ережесі  туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше,жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.

    Тренинг барысы:

    1. «Бағдаршам» ойыны жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қалалық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау.
    2. «Қайталама» ойыны: Мақсаты: Қалалық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге және есте сақтауға баулу.

    Бірнеше жол белгілерін оқушылар ұсынылып, оларды жаңылысып қалмай қайталап шығу керек.

    7 сыныптар арасында «Қауіпсіз жол қозғалысы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Нәтижесінде 7 «ә» сынып оқушылары Данышбек Жәнібек 1 орын, Темірғали Алишер 2 орынмен марапатталды. Сынып жетекшісі Кабышева Айгерим Баглановна.

      Жаңа  оқу жылының басындабілім алушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау,түсіндіру туралы ережелердің барлық сыныптарға ортақ  мектепішілік жүйесі жасалып, сынып жетекшілердің әдістемелік отырысында қаралып бекітілген болатын. Биылғы оқу жылында сол жинақталған әдістеме қайта бекітіліп, жолға қойылды. Барлық сынып жетекшілер оқушыларды сынып сабақтарында және сынып жиналыстарында жыл көлемінде : Су,мұз үстінде жүру қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігін, жолда жүру қауіпсіздігі, мектептегі өмір қауіпсіздігін, сыныптан тыс іс-шараларға қатысу кезіндегі қауіпсіздік,жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігі,жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік, дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік,мектеп зертханалық кабинеттерінде қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерімен таныстырып,ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.Әр тоқсан сайынғы оқушылардың танысқандығы туралы растау парақшалары сынып жетекшілерде жинақталған.Мектепте балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасалған.





    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки