Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    «Өмір, маған қымбатсың!»

    Сабақтың тақырыбы: «Өмір, маған қымбатсың!»

    Сыныптар: 9 «Ә» және 7 «Ә»

    Сабақтың идеясы: «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының жұмысын көрсету.

    Міндеттері:

    • Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
    • Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос  уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.
    • Жоғары сынып оқушыларының  төменгі сынып оқушыларына  қамқорлық танытуы өзара әріптестік мәдениетін қалыптастырады, көшбасшылық қабілеттерін  дамыту;
    • Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне көмек көрсету;
    • Біртұтас команда, корпоративті рух қалыптастыру.

    Мақсаты:   

    • Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; 
    • Өмірдің мәні мен мағынасын түсіне отырып,өмірді сүюге тәрбиелеу,өмірге деген құштарлықтарын арттыру;
    • өмірден өз орындарын   таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету;

    Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнепроектор, компьютер.

    Үлестірмелі материалдар: Смайликтер, нақыл сөздер, қабырға газеттері.

     

    Барысы:

    Сабақтың құрылымы:

    1. Тренингтік ойын : «Сергіту сәті» (психолог ).
    2. Слайд: (тақырыбы, мақсаты, міндеті, жоспары);
    3. Музыкалық номер.
    4. «Бір мақсат, бір мүдде»,«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының жұмысы.

    «Өмір, маған осымен қымбатсың!» ұранымен оқушылар «шаңырақ» қауыдастығы бейнефильмін көру.

    1. Қорытынды. «Жылулық сыйла» .

     

    «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының (7 «ә», 9 «ә»)  жұмысы қаңтар айының басынан басталды. Осы уақыт аралығында жасалған жұмыстарды көрсетті.

    Сергіту сәті арқылы оқушылар өмірдің құндылығы, мәні туралы ойланудан бастады. Көздерін жұмып, өмірдің таң ғажайып құндылықтарын сезінді.

    Бақыт Ерсін «Шаңырақ» қауымдастығының мақсат, міндеттерімен таныстырды. Іс шара екі сыныптан құралған «ақылшы-шәкірт» жұбы домбырамен күй шертті.

                7 «Ә» сынып оқушысы Талшын  «Зерде» - «Шаңырақ»- «Топ» -«Жұп» болып бөліну құрылымын айтып өтті және «Бір мақсат, бір мүдде» арқылы топқа жереби арқылы бөліну сәтін бейне баяннан тамашалады. Оқушылар өмір құндылығын қалай түсінгендерін және өмірдің мәнін талдап, зерттеу арқылы жасаған жұмыстарына есеп берді. Бейне баян арқылы, екі сыныптың таныстығы, сабаққа дайындалуы, бір біріне көмектесуі, бос уқытын бірге тиімді, қызықты өткізулерін бейне баян арқылы көрсетті. Дарига мен Алуа жұбы химия пәніне қызығушылықтары ұқсастық тапты. Екеуі жобалар жасап, бірге ары қарай химия қызықтарын игеруді жоспарлады. Бекхан мен Абзал үй жұмысын бірге орындау кезін көрсетті. Әділжанның жұбы Димаш шахмат ойынына қызығушылығын танытты. Әділжан Димашқа шахмат ойынын ары қарай үйретуге болашақта қол ұшын беретінін айтты. Жанна мен Аружанның танысып, құрбы болуына «шаңырақ» қауымдыстағы үлкен әсер етті. Екеуі бір бірінің үйіне барып, бір бірін жақын тани түсті. Сабақтан кейінгі уақытын қалай өткізетінін көріп, қосымша таланттарын анықтады. Өмірдің мәні достықта екені айтылды.

                «Менің анам супер!» тақырыбында Жақсығат өзінің анасының, үйде және жұмыстағы сәттерін видеоға түсірді. Жақсығат үшін өмірдің мәні, құндылығы ол оның анасы.

                «Жеті мұғалім, жеті қазына» тақырыбында өмірдің мәні оқу-білімде дегенге келтіріп, мектебіміздің үлгілі мұғалімдерінің бірі Байулова Гульназия Сабырқызын зерттеумен бастады. Ерсін мен Сабина мұғалімнің үйдегі жай күйін, сүйікті ісін, жұмысын видеоға түсіріп оқушыларға үлгі ретінде көрсетті. Болашақта осы жоба аясында  мектебімізге еңбегі сіңген, білім қайраткерлерін зерттеуді ары қарай жалғастырады.

                «Жеті қазынаның бірі -ат», ұлттың құндылығы, ердің сәні, салауатты өмір салтының кепілі өмірдегі құндылықтың бірі. Осының шеңберінде екі сынып бос уақыттарында «Тұлпар» иппадромына саяхатқа барды. Сол кездегі атқа міну тәсілін, ат әбзелдерін жоғары сынып оқушылары жете түсіндіріп берді.

                Жалпы, іс шара жоспарға сай өткізілді. Мақсаты айқындалып, оқушылар қызығушылықпен қатысып отырды. Өз ойларын еркін жеткізіп, өмірмен байланыс орната алды.  Жұмыс барысында оқушылар бір бірімен еркін қарым қатынас орнатты, ойларымен бөлісті.

                «Жылулық сыйла» әдісі арқылы екі сынып оқуышылары бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа жақсы ниеттерін, тілектерін білдірді. Осы арқылы олардың арасында бір біріне деген сенім ұялатып, таныстықтары нығая түсті.

    Сабақ соңында оқушылардың ойын білу үшін, сабақ нәтижесін білу үшін рефлексия берілді. Осы жылдың соңына дейін «шаңырақ» одағының жоспары құрылды. Бағыт бағдары айқындалып, оқушыларға тапсырма жүктелді.

    Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар үлкен өнеге, үлкен тәрбие алды деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.




    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки