Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Отбасылық олимпиада

    Отбасылық математикалықолимпиада

    Ережесі

     Бұл ереже Отбасылық математикалықолимпиада

     (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуінің, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.

    Олимпиаданы өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының  жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен ата-аналарды мектеп статусына қарай олимпиадалық қозғалысқа тарту,отбасылық тәрбиенің ықпалын нығайту.

    Олимпиаданың міндеттері:

    • математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру;
    • қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру;
    • оқушылардың математикалық ұғымдарды ауызша талдауын, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету;
    • дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылым негіздерін терең меңгеру,ғылыммен болашақта айналысуға бағыт беру;
    • ата-аналарды мектеп өміріне, оқу үрдісіне қатысуға тарту.

     Олимпиаданың өткізу күні жоспар бойынша белгіленеді. Олимпиаданы өткізу тәртібін Ұйымдастырушылар анықтайды.

    Олимпиадаға 1 оқушыдан ,1 ата-анадан  құралған команда шақырылады.

    Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстар ақпараттық хат негізінде  e-mail: zerde07@mail.ruэлектрондық мекенжайға жіберіледі немесе сынып жетекшілеріне тапсырылады.

    Олимпиада 2 кезеңнен тұрады.

    • 1 кезең – берілген есептерді жазбаша шығарады;
    • 2 кезең – «командалық кезең» ауызша түрде. Ауызша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып тапсырылмайды, қазылар алқасына ауызша айтылады. Командадан  оқушы немесе ата-ана  (кезектесіп) есепті ауызша қорғайды.

    Олимпиаданың өткізілу тілі – қазақша

    Әр кезеңнің өткізілу уақыты астрономиялық 1 сағат. Қазылар алқасы аяқ астынан туындаған жайттарға байланысты қорытынды кезеңнің уақытын ұзарта алады.

    Тапсырманы орындау кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. Қатысушылар өзімен бірге ақ парақ пен жазу жазатын құралдарды ғана ала алады.

    Тапсырманы орындау кезінде қатысушылар тек қазылар алқасы өкілдерімен ғана қарым-қатынас жасай алады.

    Тапсырманы шешілу нұсқасымен қатысушылар қазылар алқасына екi реттен артық сұрақ қоя алмайды.

    Олимпиада ережесін бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.

    Олимпиада өткізілуі Астана қаласы,Сарыарқа көшесі №20 үй «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» ММ базасында өткізіледі.

    Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» ММ.

     Олимпиаданы ұйымдастырушылар өз құзіреттілігі аясында:

    • Олимпиаданы өткізу мерзімін, тәртібін келіседі;
    • жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, мектеп мұғалімдерінен қазылар алқасының құрамын жасақтайды;
    • Олимпиада кезеңдерін өткізу барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады;
    • Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді;
    • Олимпиада тапсырмалары мен оны  бағалау өлшемдерін әзірлейді;
    • Олимпиадалық тапсырмалардың шешімін жариялайды және Олимпиада Ержесіне сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

      Олимпиаданың қазылар алқасы:

    • Олимпиадаға қатысушылардың тексереді, жұмыстарын бағалайды және бақылайды;
    • Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер кандидатурасын анықтайды;
    • Олимпиада тапсырмаларының әдістемелік және мазмұндық бірлігін бағалайды;
    • Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

     Олимпиада  қатысушылар саны  1 команда (1-оқушы,1-ата-ана( әке, шеше,әже,ата).

     Ұсынылған тапсырмалардың күрделілік деңгейі белгілі шекте болуы керек. Тапсырмалардың күрделілігі оқушылардың өз білімі мен қабілеттерін толық дәрежеде көрсете алатындай, ал қатысушылардың басым көпшілігі берілген тапсырмаларды шешуге қол жеткізе алатындай болуы тиіс.

    Қатысушылардың шешімін бағалау жүйесі дұрыс орындалған тапсырмалардың әр біріне белгілі ұпай санын қоюды қарастырады.

     Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың І,ІІ кезеңінен жоғары ұпай жинаған команда анықталады. Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады..

     Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады.

    Бұл Отбасылық математикалық олимпиадасының

     (ары қарай - Олимпиада) екі кезеңнен тұрады, 1-2 кезең бір күнде өткізіледі.

    1 кезең – жазбаша  кезеңі (жазбаша түрде)

    Олимпиада қатысушыларына орындауға белгілі мөлшердегі есептер беріледі. Әр команда өз лигасын таңдай алады. A,B,C,D  лигаларында тапсырмалар ұсынылады.Әр қатысушы тапсырманың қазақа жазбаша нұсқасымен қамтамасыз етіледі. Олимпиада тапсырмалары ұйымдастырушы мектептің бұрыштама штампы қойылған дәптерлерге орындалады. Кезеңнің  өткізілу ұзақтығы 1 астрономиялық сағат.

     2 кезең –  ауызша кезең ( командалық)

    Ауызша кезеңде  командаға 2 есеп беріледі. Әр есепті командадан оқушы немесе ата-ана шығып әділ –қазылар алдында қорғайды. Қорғауға 2 мүмкіндік беріледі. 1-мүмкіндіктен қорғаса 5 ұпай, 2-мүмкіндіктен қорғаса 3 ұпай беріледі. Команда мүшелері есепті бірігіп қорғай алады.

    1 кезеңнің басында қатысушыларға жауап беру парақшасы таратылады. Жауап беру парақшасына қатысушы аты-жөнін, мектебін, сыныбын толық жазу керек. Осы парақшамен қатысушы жауап беруге шығады. Олимпиада аяқталған соң бұл парақша міндетті түрде тапсырылады. Ұпайлар осы жауап беру парақшасы негізінде есептелінеді.

    Кезең ауызша болғандықтан, есептің шешуі қазылар алқасына ауызша айтылады. Дәптерде есептің шығару жолдарының жоспары және есеп кезінде пайдаланатын негізгі теңсіздіктер мен формулалар жазылуы керек.

    Есепті қорғайтын оқушы жауап беру парақшасымен қазылар алқасына жауап беруге шығады. Жауап беру кезінде түсініксіз жағдайларда тиісті сұрақтар қойылады. Қатысушы тек қана жауап беру кезінде қателерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданып,жауап беру парақшасына

    «тапсырған жоқ» деп жазылады.

    Әр есеп бойынша қатысушы екі рет қана жақындай алады. Екі ретінде де дұрыс толық жауап берілмесе, бұл есеп шығарылмаған деп есептеледі.

    Қорытынды шығару кезінде қатысушының қазылар алқасына жауап беруге жақындаған саны емес, толық шығарылған есептер саны есептеледі.

     
    2017-2018 оқу жылы



    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки