Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Тренинг

    Тренинг

    «Стрессті қалай жеңуге болады?»

    Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ алдындағы стрессті жеңуге үйрету,қатаюдан арылу.

    1. Сәлемдесу жаттығуы
    Нұсқау:
    Бүгінгі күнді 4  кіші топтарға бөлінуден бастайық. Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы бойынша жасалынсын. Әрбір топтың міндеті - сәлемдесу ойлап тауып,оны ым-ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету.

    Талдау:

    1. Жаттығу қаншалықты сізге ұнады?
    2. Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?
    3. Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма?
    4. Топтан қалай сәлемдесу қажетті жөніндегі,идеяны кім ұсынды?
    5. Қандай сәлемдесу сізге ерекше тәсілмен сәлемдескенде не сезіндіңіздер?

    2. «Шынымды айтсам» жаттығуы

    Мақсаты: Айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан,қорқынышынан арылту,ашық болуға бағыттау.

    Уақыты: 15 мин.

    Құрал-жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

    Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырсыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

    Топтама үлгілері:

    Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

    Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

    Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

    Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

    Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

    Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

    Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

    Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

    Талдау:

    1. Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
    2. Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме?
    3. Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

    3. Тестке дайындық. Сауалнама  «Стреске қалай қарсы тұру керек»

    Мақсаты: осы сұрақ бойынша қатысушылардың хабардалығын айқындау және проблемаларды табу. Уақыты: 10 мин.

    Сауалнама сұрақтары:

    1. Сіздің ойыңызша, сіз стреске берілгішсіз бе?
    2. Стресс туралы әдебиет оқыдыңыз ба?
    3. Сіздің ойыңызша стресттің себептері қандай?
    4. Сіз стресс белгілерін білесіз бе?
    5. Қалай ойлайсыз,стресс неге ықпал етеді?
    6. Қандай азық-түлік ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етеді деп санайсыз?
    7. Стресті болдырмаудың жаттығуларын білесіз бе?
    8. Алдағы ҰБТ –ге байланысты қандай сезімдерді сезінесіз?
    9. Бүгінгі күні алдағы тестке дайындығыңызды қалай бағалайсыз?
    10. Сіз сынақтан өткізген оқу материалын есте сақтаудың әдістері бар ма? Қандай?
    11. Тестке дайындалудың қандай тәртібін жақсы деп санайсыз?

    4. Стресс тесті

    Мақсаты: бітірушінің стреске берілгіштігін айқындау

    Уақыты: 15 минут

    Нұсқау: Пікірлерді оқып, өз укелісімңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

    Ешқашан(1 ұпай),

    Кейде(2 ұпай),

    Жиі(3ұпай)

    Әрқашан (4ұпай)

    1. Мені болар-болмас мәселелер ашуландырады
    2. Біреуді күтуіме тура келсе,менің жүйкем жұқарады
    3. Ыңғайсыз жағдайға тап болағнда,мен қызарамын
    4. Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін
    5. Сынды көтере алмаймын,көтеріліп кетемін
    6. Егер мені көлікте біреу итерпі жіберсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін
    7. Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын
    8. Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін
    9. Тындай білмеймін
    10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын
    11. Еш себепсіз жиі қамығамын
    12. Таңертең өзімді нашар сезінемін
    13. Өзімді шаршаңқы сезінемін,нашар ұйықтаймын,ойымды басқаға аудара алмаймын
    14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін
    15. Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар
    16. Менің арқам және мойыным ауырады
    17. Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып,аяғымды қимылдатамын
    18. Өзгелері мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын
    19. Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын
    20. Мен диета сақтаймын

    30 балл және төмен

    Сіз туындаған мәселелерді шешіп,тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ.бұл адамдар бәріне жақсы жағынан қарап,кемшілігін ескермейді.

    31-45 балл

    Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы,стресс жағымды және жағымсыз  түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз,дегенмен де өзіңізге уақыт бөліңіз.

    46-60 балл

    Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды сондықтанда үнемі стресте жүресіз. Егер  дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз,дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет емес,ұсақ – түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге жетуге тырыспаңыз . уақыт уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.

    61 балл және жоғары

    Сіз бір газды бірде  тежегішті бастаны машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз,денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.

    5. «Бір-біріне»жаттығуы

    Мақсаты:бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру,сипап сезу қабылдауын дамыту.

    Нұсқау: Сіздер аудиторияда еркін жүріп,менің айтқан тапсырмаларымды орындауларыңыз қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз қажет. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.

    Сонымен бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңнің қолын қосыңыздар,аяқтарыңызды аяққа,мұрныңызды мұрынға,басты-басқа,құлақты-құлаққа,беттеріңізді және т.б.бір-біріңе тигізіңдер. Залда қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұр табыңыздар.Ойын жаңа жұппен жалғастырылады.

    Талдау:көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.Бұл ойын неге бағытталған? Кіммен және қашан қолдануға болады?

    6. Менің реніштерім – жаттығуы.

     Мақсаты: адам бойындағы барлық реніштерді сыртқа шығарып, олардан арылту.

    Нұсқау: Берілген видеороликтегі іс-әрекеттерді қайталап жасайды.

     

    Жас маманға сабаққа дайындаларда берілетін кеңестер

    1. Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
    2. Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
    3. Оқу матералын талдаңыз.
    4. Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
    5. Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
    6. Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
    7. Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
    8. Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
    9. Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
    10. Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
    11. Өзіңізді тексеріңіз.

                      → а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер, себеп-салдарлық байланыстар болу керек;
                      → ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;                 
                      → б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;
                      → в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.
         1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін, ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
         Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз.
         2. Сынып жорналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
         3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік- тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
         4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
         5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
         6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
         7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
         8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
         9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
         10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.  
         11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру - мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
         12. Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
         13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
         14. Н.А.Добралюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.

    «Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ
    Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
    Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд.
    Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
    Психолог: Құрметті ұстаздар!
    Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

    Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.

    Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

    Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.

    Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.

    І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
    * «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
    Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
    Нұсқау:
    Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

    Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.

    Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

    Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыау
    кесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызм
    еткерапецуранлвгкдәптершввр…….

     ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.

    Сіз қандай мұғалімсіз?

    Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
    1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

    а) жүрек қалауымен

    ә) кездейсоқ

    б) лажым жоқтықтан
    2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

    а) керемет жұмыс

    ә) күнкөріс үшін

    б) бас қатыру

    3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

    а) өте сауатты деп есептейді

    ә) қанағаттанарлық

    б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ

    4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

    а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

    ә) кейде

    б) маңыма мүлде жоламайды
    5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

    а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

    ә) сирек қолданамын

    б) оқулықпен шектелемін
    6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

    а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

    ә) үндемей құтыламын

    б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін

    7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

    а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

    ә) басшылар ескерткенде ғана

    б) бас ауыртқым келмейді

    8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

    а) мүлде қол жұмсамаймын

    ә) анда-санда

    б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін

    9. Мұғалім болғаныңызға

    а) ризасыз

    ә) сізге бәрібір

    б) өкінесіз

    10. Ұжым арасында беделіңіз:
    а) өте жоғары

    ә) жақсы

    б) орташа

     Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

    45-50 ұпай жинасаңыз:

    Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.

    30-21 ұпай жинасаңыз :

    Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.

    15-11 ұпай жинасаңыз:

    Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

    ІІІ. Психогеометриялық тест

    1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
    2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
    3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға мүмкіндік береді.

    Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!

    Нұсқау


    Ата – аналарға психологиялық кеңестер:

    - Үйде баланы сабақ қарауға ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіңіз, үйдегілердің оған кедергі жасамауын қадағалаңыз;

    - Емтихан қарсаңында баланың үрейін ұлғайтпаңыз;

    - Балаға дайындалатын тақырыптарды күндерге бөлуге көмектесіңіз;

    - Балаға сенім білдіріп, оның өзіне деген сенімділігін арттырыңыз;

    - Баланың емтиханға дайындалу тәртібін бақылаңыз, шамадан тыс жүктеуге жол бермеңіз;

    Баланың тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақтар, курага және т.б. сол сияқты тағамдар мидың жұмысын жақсартады;

    - Емтихан қарсаңында баланың дұрыс тынығуына жағдай жасаңыз, ол демалуы және ұйқысын қандыру керек;

    - Баланы емтиханнан кейін сынаққа алмаңыз;

    - Ең бастысы – баланың мазасыздануы мен үрейленуін азайту және оған сабақ қарауына ыңғайлы жағдай туғызу, артық заттардың барлығын алып тастап, керекті құрал саймандармен қамтамасыз ету (дәптер, қағаз, қалам).

         Түлектердің емтихан дайындығына психологиялық кеңестер:

    - Сабаққа дайындалу үшін ыңғайлы орын әзірле, үстел үстіне керекті оқулықтарды, қосымша кітаптарды, дәптерлерді, қалам, қарындаштарды және т.б. ыңғайлы орналастыр.

    - Бөлмені сарыға немесе күлгін түске бояңыз(олар ақыл –ой белсенділігін күшейтеді).

    - Сабақтың жоспарын құрастыр, кешкілік уақытты мейлінше тиімді пайдаланыңыз.

    - Дайындықты өзіңіз үшін қызықты және сүйікті тақырыптан бастауға болады.

    - Дайындалу мен демалуды кезектестіріңіз: 40 минут сабақ, сосын 10 минут үзіліс. Үзіліс кезінде ыдыс жуып, гүл суарып, бой жазу жаттығуын жасап, душ қабылдауға болады;

    - Қолыңызға секундомер алып жаттығыңыз, тесттің орындалу уақытын есептеңіз(1 тапсырмаға орташа есеппен 2 минуттан көп емес уақыт кетуі керек);

    - Емтиханға дайындала отырып, ойша шаттыққа бөленіңіз.

    - Тапсырманы орындай алмай қаламын – ау деп ешқашан ойламаңыз;

    - Емтиханның алдында бір күнді ең қиын сұрақтарды тағы бір рет қайталауға қалдырыңыз;



    Контакты служб и организаций, оказывающих поддержку и помощь детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации:
        150 - национальная телефонная линия доверия для детей и молодежи;
        74-25-28- телефон доверия Комитета по охране прав детей,
        55-01-62, 87782550162 - телефон доверия Управления образования,
        55-69-74 - отдел опеки и попечительства,
        44-34-63 - кабинет психологической службы,
        25-57-25 – телефон доверия Общественного фонда «Право».

        
          

              

          СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:  Шұғыл психологиялық көмек көрсету орталығы №4 қалалық емхана, №300 кабинет, «Рауан» орталығы, 103 көше, 1 үй. Тел: 8-(7172) 51-88-42 ; 

              Ата-анаға айтарымыз...

             Әке- отбасының тірегі, асыраушысы. Әкенің бала тәрбиесіндегі ықпалы аса күшті. Әкенің отбасындағы беделінің биіктігі балаға айтарлықтай әсер етеді. Қоғамда  көбінесе, бала тәрбиесімен тек әйел адам айналасуы қажет сияқты көзқарас қалыптасты. Бірге өсірген егіннің жемісін де ата-ана бірге көрмей ме? Әке тарапынан бірге көрсетілетін қамқорлық, ілтипат, жылы қабақ, түсіністік оған сенім, күш сыйлайды.

           Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.

                                                                                                                                                   Бала аурулы зағип болса,баладан емес, тәрбиешіден;

     бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

     бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса,

     бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.

    М.Жұмабаев

     

    Ата-аналарға  арналған тәрбиелеудің алтын ережесі.

    *   Балаңызды жақсы көріңіз және ол ешқашан оған күмәнданбасын. *   Баланы қандай болса, солай қабылдаңыз – барлық абыройы мен  кемшілігімен қабылдаңыз. *   Баланың жақсы қасиеттерін көріңіз, оның  мүмкіншіліктеріне сеніңіз. *   Балаңызды түсінуге ұмтылыңыз, оның ойы  мен  сезіміне тереңірек сезінуге тырысыңыз, жиірек оның орнына өзіңізді қойыңыз. *   Баланың жетістігі үшін оған жағдай жасаңыз, ол өзін мықты, епті және жолы болғыш сезуіну үшін жағдай туғызыңыз. *   Өзіңіздің орындалмаған мақсаттарыңыз бен  тілектеріңізді  балада іске асыруға ұмтылмаңыз. *   Баланы сөз емес, өзіңізден  көрсетілген үлгі тәрбиелейді. *   Өз балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз, әсіресе оны үлгіге қоймаңыз. Әр баланың ерекше екенін , қайталанбайтынын  есте сақтаңыз. *    Бала өзіңіздің қалауыңыз бойынша өседі деп үміттенбеңіз.

    *    Баланың тәрбиесіне тек қана сіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.  

    Сондықтан   ата- аналар тарапынан «Тәрбиелеудің алтын заңының» ережелері орындалып жатса,  Сіздердің балаларыңыз,  сіздерге тек қуаныш әкеліп, жақсылыққа қарай ұмтылады.

     

    Тәрбие – кешіктірілсе кешірмейтін, дұрыс бағыт алмаса қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі.

    Ендеше,  қызғалдақтарымыз бен ізгі армандарымызды XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, жан-жақты мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда ынтымақтасқан еңбегіміз жана берсін!

     
    Ата аналарға арналған психологиялық кеңестер.

    Егер балаңыз мектепке ерекше құштарлықпен барсын десеңіз...

    1. Балаңыздың көзінше мектепті жамандамаңыз және мұғалімдер туралы теріс пікір айтпаңыз.
    2.  Мұғалімдерді баламен жеке жұмыс жүргізбейді деп сөкпеңіз, балам үшін ең алдымен өзім не істедім деп ойланыңыз.
    3. Сіз балаңыздың сабағын қаншалықты жиі қадағаладыңыз? Бұрыс орындаған жұмысын неше рет түзеттіңіз? Есіңізге түсіріңіз...
    4. Егер мектепте балаңызға қатысты шиеленісті жағдай болып қалса, жағдайды әділ түзетуге тырысыңыз.
    5. Балаңыздың мектептегі аз ғана жетістіктері болса да мадақтап, қолдап отырыңыз.
    6. Балам өзіме ұқсауы керек, немесе балам мен ойлағандай адам болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектесіңіз.
    7. Жанұяңыздың игілігіне бағытталған  маңызды шешімдер қабылдау кезінде баланың да пікірін тыңдауды ұмытпаңыз.
    8. Балаға жасаған көмегіңіз бен жақсылықтарыңызды қарыз қылып айта бермеңіз.
    9. Өз өкпе - ренішіңіз үшін балаға дауыс көтермеңіз.
    10. Керісті жағдайларға баланы араластырмаңыз.
    11. Балаға қатысты мәселеге бей – жай қарамаңыз.
    12. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз.


             11-сынып оқушылары үшін ҰБТ – ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. ҰБТ – ге дайындық көп жағдайда балаларды  жағымсыз психологиялық күй-жайынан оларды нашар күйзеліске, стреске әкеп соқтыруы мүмкін. Мұның себебі, балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдылығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, ҰБТ ге деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алған тест нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуден туындайтын «түсініксіз» сезімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктермен түсіндіруімізге болады.

             Сондықтан оқушыларды кез-келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін ұстай білуге үйретудің маңызы зор.


    Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
     
      Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.
     
    Статистика:
     
      Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...
     
    Жыл мезгілі
     
      Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.
     
      Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.
     
      Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.
     
    Суицидке кімдер бейім
     
    Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:
     
    * Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды
    * Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын
    * Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)
    * Отбасында болған суицид
    * Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.
    * Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.
    * Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)
    * Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;
    * Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде
    * Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.
     
      Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.
     
    Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.
     
    Суицидтік қауіпті топ
     
    * Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;
    * Өзін тым қатты сынауға алатындар;
    * Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
    * Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы
    * Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар 
     
     Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:
     
    * Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;
    * Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;
    * Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;
    * Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;
    * Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;
    * Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу
    * Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі
    * Өлім туралы ойларға берілу
    * Болашаққа жоспар жасамау
    * Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу
      
    Депрессия
     
      Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу, сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады. Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.
     
      Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.
     
    Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:
    * бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;
    * қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;
    * денсаулығы нашарлап кеткен;
    * дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;
    * қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;
    * өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.
     
    Суицидтік әрекетті болдырмау
    * психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
    * суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
    * әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
    * өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру
     
    Түзету
     
      Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.
     
    Көмектесу үшін не істеуге болады?
     
      1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Суицидтен құтқару тек достарының қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
     
    Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.
     
      2. Қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.
     
      3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы болыңыз. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
     
      4. Алмастыра алатын әрекеттер ұсыныңыз. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.
    Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.
     
      5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.
     
      6. Жоғары суицидтік тәуекел жағдайында адамды жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік артады.
     
      7. Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді.
     
      Жасөспірімдер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №3 қалалық емхананың №8 кабинетінде орналасқан
     
      Ересектер үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеті №4 қалалық емхананың №300 кабинетінде орналасқан, алдын ала жазылу 51-88-42 телефоны бойынша
     
      Сенім телефоны 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейді.
     
      Суицидтік үрдісті басынан кешіргендер үшін имам, молла сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады. Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық тамаша кеңесшілер болып келеді.
     
      Отбасылық дәрігерлер де сенімді көмек көрсете алады. Олар, әдеттегідей, жақсы ақпараттандырылған, жағдаятты байыпты бағалай алады және адамды білгір маманға бағыттай біледі. Басында, пациент әлі білікті көмек алмай тұрғанда, отбасылық дәрігер оған үдемелі депрессивті жағдайды бәсеңдету үшін қажетті препарат тағайындауы мүмкін.
     
      Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Жедел психиатриялық көмек телефоны 54-76-23. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін, қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.
     
        Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.
     
      8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзі қол салады.
     
      
    Дайындаған Астана қаласы «ППЗ МО» ҚККМ психиатр дәрігері, суицидолог Миронова Е.К.
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки