Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Психолог


    Дарынды балаларға арналңан №9 "Зерде" мектебінің  педагог - психологы Құндызбай Айару.
    тел: 8778-004 -67- 62


    Балалар мен жастарға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 150 сенім телефоны. Егер өзіңе немесе достарыңа көмек болса, қиын жағдай туындаса  номеріне қоңырау шал.

    Саған кез келген уақытта өзіңді тыңдап, қолдау көрсететін не істеу керектігін айтатын психологқа мына 87780046762 номеріне қоңырау шал.

    Қоңырау тегін,құпиялығына кепілдік беріледі.

    Біз әрқашан біргеміз-саған тек қоңырау шалу керек!

     

    Астана қаласы әкімдігінің Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ККМ 

     

    Оқушылардың  сыныптағы өзара қарым-қатынасты анықтау мақсатында 7-8 сынып оқушылардың арасында социометрия тесті алынды, тестке 5сыныптан 124 оқушы қатысты.

         Социометрия тесті нәтижесінде шеттетілген оқушылардың сыныбы арасында  «Досыма сыйлық» тренингі жүргізілді. Тренинг мақсаты: шеттетілген оқушылардың өзін-өзі бағалауын көтеру, және ортаға қосу. Тренинг барысында   өзінің эмоциясын көрсете алмай,  тұйықталып, шеттетіліп, өз-өзіне, өзгеге сенімсіздік білдіретін, көпшілікке қорғаныш көзбен қарайтын балаларды сынып лидерлеріне қоса отырып жаттығулар жасалынып отырды. Балалармен бірге жұмыс істеу арқылы олармен сұхбаттасып, өмір туралы өз ортасының, яғни құрбыларының айтқан көзқарастарын негізге ала отырып , адал да, ақылды парасатты өмір сүре білу қажеттігін түсінді.

     «Достық  қымбат өмірде». тренинг сабақ

    Мақсаты: Оқушылардың  арасында  жағымды  қарым-қатынас  орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен  дос болуға  үйрету,  коммуникативті  өрісті  дамыту.

    Міндеті:1.Адам қарым-қатынастағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік  беру;

    Барысы:

    II.Шаттық  шеңбері.

    -Балалар, бәріміз  шаттық  шеңберіне  жиналайық. Енді  бір-бірімізге  бүгінгі  күніміздің  тамаша  өтуіне  арнап айтайық. «Досболайық бәріміз» әнін  айтайық.

    Тренинг ережелерімен  таныстыру.

    Танысу  тренингісі. Өз есіміңізге  сын есім  қосып  танысайық.

    1. Жаңа сабақ./электрондық  оқулықпен/

     Достық  қымбат  өмірде

    Достар  әрқашан да бірге  ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса  бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі  түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір  тұрады. Досыңның  көп  блуы өз қолдарыңда. Егер сен  барыңмен  бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға  даяр  тұрсаң, сенімен бәрі де  достасқысы келеді.

      -  Балалар, «достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

      -  Достар  қандай  болу  керек?

      - Нағыз  достар  қандай  болады?

     - « Жалған  достық»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?

    -Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?

    / балалар  өз  ойларын  схема  арқылы  жеткізеді/

    Адамдар  бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ  көзқарасы  достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы  мен бір-біріне қамқорлығы. Достық  қарым-қатынас  адамдарға  өз-ара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да  қамқор болады.Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың  мөлдір көзі.

     Енді, балалар,  біз достық, өзара сыйластық  құндылықтарының  мағынасын кеңірек  түсіну  мақсатында «Қарлығаш  пен  дәуіт»   ертегісін  мұқият тыңдап ертегі бойынша  сұрақтарға жауап  береміз. 

    Қарлығаш  пен  дәуіт./электрондық  оқулық  арқылы/.

    Қарлығаш жардың қуысына  ұя салып, балапан  шығарыпты. Анасы азық  әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана  күтумен болады екен.Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр  етіп,  балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.

    Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

    - Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек. Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

    - Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.

    Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:

    - Мен үйленейін деп жатырмын,   мазамды алма!- дейді маңғазданып.

    Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.

    Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

    - Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.

    - Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.

    - Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.

    Қарлығаш пен дәуіт көзді  ашып - жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға  жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ  етіп жерге құлап түседі.Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

    Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін  болған екен.

      - Балалар,  қарлығаш неге ренжіді?

    - Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға  болмайды?

    - Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

    /Берілген сұрақтар бойынша  балалардың жауаптары тыңдалып,  осының негізінде олар адамгершілік  құндылықтарының  мәнін  ұғына  түседі./ 

      IV.Дәйек сөз.

    -Енді  балалар, бүгінгі  тақырыбымызға  сай  мына  дәйек  сөзді жаттап, дәптерімізге  жазып  алайық.«Жүз  теңгең  болғанша, Жүз  досың  болсын»

    -Балалар, орындарыңызға  емін-еркін  жайғаса  отырыңыздар. Енді көзімізді  жұмып, әркім өзінің досы, оның  жалпы  қасиеттері  туралы  ойлаймыз. /2-3 секунд/

    -Балалар, достарымызды  ойлап  болсақ, көзімізді  ашайық. Параққа  аты-жөнімізді  жазып, ойлаған  досымыздың есімін  жазайық.

    -Балалар,біздің  адал  достарымыз  әлде  де көп болу  үшін,  үлкен  үй  салуымыз  керек.Сол  үлкен үйді  бәріміз  бірге  салып  көрейік.

    Мақал – мәтелдер.

      

          көңіліңде  болсын

     

    Жүз  досың  болсын.

     

    Тік  қатерге  басыңды.

    Айыра біл  алайда,

    Досыңменен қасыңды.

     

    Досы жоқпен  сыйлас.

     

    Дұшпаның  біреу  болса  да-көп.

     

    Дұшпаныңмен  дос  болғаннан  сақтан.

     

     

    Дұшпан аяққа  қарайды.

     

    Адал дос тап, тең  құрбыңның  ішінен.

     

     

    Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты  анықтау,алынған  мәліметтерді  оқу-тәрбие  жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.

    Нұсқау: Балалар, сіздерге  қазір  сұрақтар қойылады.Сол  сұраққа  осы өз  кластастарыңнан үш адам  есімдерін жазасыңдар.

    1Сіз туылған күніңізге кімді шақырар едіңіз?

     

    Х.  Өміршеңдік ережесі.

    Әр адамның  ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет  жасау.Сол сияқты иығыңды  тіктеп , жарқын көңілмен іштей  табысқа  жетуге талаптанып, өміршеңдік  ережлерін  айтайық.

    ХОРМЕН: Бәрі  маған  байланысты,

            Бәрі менің  қолымда.

    Х. Қорытынды.

    Оқушылар  бүгінгі  сабақтан алған әсерлерін жазып күнге  жабыстырады. Балалар, бәріміз  бірігіп  жақсы  сөздерге  толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген  күн  құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты  достарымызға және өзімізге  тек қана жақсылық  сыйлайық.

    IХ. Жүректен-жүрекке жылы  лебіз білдіру.

    Қанатты  сөз.
    Құс қанатымен мықты,

    адам  достарымен  мықты.

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки