Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    «Рухани жаңғыру» 

    Астана қаласы әкімдігінің Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі



                                                              
    2017-2018 оқу жылының ІІ жартысындағы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  бойынша  өткен іс-шаралар есебі
    І. «Шаңырақ» жобасы негізінде  2018 жылдың 19 ақпаны күні  Еуразия Ұлттық  университетінің  филолгия  ғылымдарының  кандидаты, доцент Мәмесейіт Тұрлыбек   Ілиясұлы  Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру  бойынша сабақ өткізді. Президент  тоқталған  жаңғыртудың  6ағытына  терең  шолу жасады. Оқушылар  да көкейіндегі сұрақтарын  қойып, біраз ой түйгендерін  ортаға салды. Сабақтың соңында  Бекзат сынды  оқушымыз  күмбірлеген   күйін тартса, Сұлтанбейбарыс  өзінің жүрегінен шыққан  туындысын оқыды.
                                                      
    ІІ.  2018 жылдың 19 сәуір күні «Рухани жаңғыру және қазіргі білімді жастар міндеті» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға – оқытушысы, филология ғылымының докторы, профессор, «Алаш» институтының қызметкері Жұмағұлов Сағынбай Ботпайұлы қатысты. Оқушылар қазіргі жастардың міндеті жөнінде, шет ел мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстанның өркендеуі мен дамуы, латын әліппиінің маңызы жөнінде өздерін толғандыратын сауалдар қойып, өз ойларымен бөлісті. «Шаңырақ» жобасы оқушыларға тәрбиелік маңызы зор іс-шарлар деп айтуға болады. Өйткені оқушылар мектебімізде тек қана білім алып қана қоймай, рухани және мәдени жағынан жан-жақты тәрбие алуы керек. Сондықтан аталған іс-шара өзінің деңгейінде өтті деген пікірдеміз.
                     

    ІІІ. Барлық сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың негізгі идеясы Рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту болды. Ал мақсаты, Əрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау.Одан күтілетін нəтижелер: Рухани жаңғыру контекстінде тұлғалық даму идеялары мен жобаларын жасау болатын.Сабақтың барысында оқушыларға, бейнефильм көрсетіліп, рухани жаңғырудың негізгі бағыттарына түсініктемелер берілді. Сабақ соңында бейнефильм идеясы мен сюжетін талқылап, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
                                 
     ІV.7 сынып оқушыларының арасында  12 наурыз күні «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбы негізінде тарих пәнінің мұғалімі М.Тогтаухан пікір алмасу тәрбие сағатын ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты: Отбасы алтын уя, отбасындағы тәрбие адамға өмір бойы әсер етеді, әр оқушы отбасын құрметтей, сыйлай білу керек және өз отбасымен мақтана білу. Ата-бабамыздан қалған рухты сөздерді бала бойына сіңіру. Оқушыларға ең алдымен психологиялық ахуал тудыру үшін тренинг өткізілді. Оқушылар өздерін еркін сезініп, сабаққа дайын екендерін байқатты. Сабақ мақсатынан кейін оқушылар 3 топқа бөлінді:
    1 топ –«Зерттеушілер» тобы 2 топ - «Суретшілер» тобы 3 топ - «Ақындар» тобы.
      Оқушыларға топтық тапсырма берілмес бұрын, бейнежазба көрсетілді. Бйнежазбада отбасындағы қарым - қатынас, оның адам орнындағы ролі айқын көрсетілді. Сабақтан күтілетін нәтиже: Отбасын құрметтеу, ата-анасының қадірін білу, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, адамгершілік қасиеттері қалыптасты.

           Ұлылар ізімен
    »  жобасы  бойынша  Cемей өңіріндегі Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы  жорық саяхатының алғашқы қадамдарын Абайтанушы,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, Омар Жалелұлымен «Абайды оқы, таңырқа» кездесу  кеші өткізуден бастадық.Мақсатымыз  Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев: « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып,  Абай атамыздың шығармашылығын терең танысып, насихаттап,  ақын өскен ортаның, туған топырағының тарихын білуге ұшқын тастау болды.   Кездесуді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бокенова Гаухар Асқанбекқызы ұйымдастырды. Кешке 8-11-сынып оқушылары қатысты. Кешті 11 сынып оқушысы  Жұмағұлов Марғұлан Абайтану, Шәкәрімтану, Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын зерттеуде әдебиет ғылымында  жаңаша леп әкелген Омар Жалелұлы шығармашылығы  туралы қысқаша  мәлімет беруіден бастады. Қазіргі таңдағыАбайтанудағы қызықты талдаулар, естеліктерді, жаңа көзқарастарды ғалым ағамызбен кездесуде кеңінен сөз етілді. Бүгінгі қазақ қоғамындағы ұлт тағдырына қатысты ең өзекті мәселелердің бірі – бала тәрбиесі. Халқымыз «Ел болам десең – бесігіңді түзе» - деп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Айталық, Зере анамыз Құнанбайдың тәрбиесіне қатты мән берсе, Құнанбай Абайдың дүниеге келуінен бастап, үлкен үміт еткен баласы. Кездесу барысында Абай тәрбие алған әке ұлағатынан сөз өрбіді. Сонымен қатар, сахналық көрініс қойылып,  Абай шығармашылығын оқумен қатар оның бейнесін сомдауда өз шеберліктерін көрсете білді. Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың арақатынасы-  мәңгілік мәселе екенін түсіндірілді. Оқушыларға Абайтанудағы қызықты талдаулар, естеліктерді, ақын шығармашылығындағы жаңа көзқарастарды Абайтанушы ғалым Омар Жалелұлының өзінің айтуы  оқушыларға көп әсер етті.
         


              VІ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдің тарихи жерлерімен танысу мақсатында оқушылардың қасиетті жерлерге саяхаты ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.  Саяхат жасай отырып Ұлы ғұламалардың шығармашылығын, олар қалдырған рухани мұраларын, қолжазбаларын  мектеп қорына жинақтау, үлкен кітапханалармен байланысқа шығып, сондағы қорлардан өңіріміз жайлы біраз деректер зерделенді.   Ғалымдармен байланыс жасап,  олардың жұмысын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау. Ғалымдармен ақылдасқан түрде бірлесе жұмыстар атқарылып, саяхаттар ұйымдастырылып, әр жұмысымызды зерделей отырып  тақырыптық шаралар,  кездесулер өткізілді. «Туған жерді танып біл» тақырыбы негізінде оқушыларымыз мұржайларға саяхатпен барып қайтты. Шараға қатысқан балалар мұражайдың негізгі қорымен, туған жердің тарихи тұлғаларымен, сонымен қатар, өткен ғасырлардағы адамдардың пайдаланған көненің көзі болып қалған заттарымен танысты. «Ұлылар ізімен» жобасы бойынша 8 Ә сыныбы  Тогтаухан Мира  жетекшілігімен Қабанбай батырдың зиратына барып қайтты. Мақсаты: бабаларымыздың еңбегін, ұрпағы үшін жасаған ерліктерін әр оқушының бойына сіңіру болды. Зират басындағы шырақшы оқушыларға өте көп мәлімет берді. Ұрпақ үшін оте мәнді , мағыналы сапар болды. Бұл жерде тек ғана Қабанбай батырға ғана зират етумен бірге кесененің айналасына қойылған ата-апаларымыздың да зиратына бас иіп қайтты. 23 маусымда Нұржанова Бүлдіршін Нұрбековнаның жетекшілігімен 9 «Ә» сыныбы да Қаракерей Қабанбай батыр кесенесіне» саяхат жасады. Мақсаты:Ұлы тұлғалар - өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Бүгінгі таңда өз  тарихыңдағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ, өздерінің ұлы бабаларының даңқты тарихын  білу адам баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында іс-шара ұйымдастыру. 15 маусымда 10 А,Б сынып оқушылары Жумагатова Гүлсара Ғ, Айтқазинова Баян Толубаевнаның  ұйымдастыруымен  «Бурабай – ұлы ғұламалардың тарихы»  тақырыбында Бурабай өңіріне саяхат жасады.  Мақсаты: «Ұлылар ізімен»жобасында тамыры терең тарихымызды, мәдени дәстүр және рухани құндылықтар мен ұлы тұлғалар туралы тың деректерді таныту мақсатында Жоғарғы оқу орны, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып туған өлкемізге экспедияциялар,ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және нәтижесін кеңінен таратуда мектебімізде, қала көлемінде іс-шараларды ұйымдастыру. 2018 жылдың 1 шілдеде   осы жоба бойынша 9 Б сыныбы Сариева Гаухар Сергеевнаның жетекшілігімен Чехия,Германия,Австрия елдеріне саяхат  жасайды. Саяхат сапарды ұйымдастырушы 8 «Б» сынып жетекшісі Сариева Гаухар Сергеевна және ата-аналар комитетінің төрайымы Слямова Майнур Ақылбековна.Турист құрамын 8 «Б» сынып оқушылары атап айтқанда:Нұркенұлы Бексұлтан,Кенжебаев Абылай,Уалиева Дильназ,Шабден Заңғар,Нұрпейсов Данияр,Нұрпейсов Елдос,Тоқтарбаев Даниал,Нағмет Ерхан. Мақсаты: «Ұлылар   ізімен»  жобасында Чехия,Германия,Австрия мемлекетінің   тамыры терең  тарихымен,   мәдени дәстүр  және рухани құндылықтар мен ұлы тұлғалары туралы тың деректерді оқушыларға таныстыру. Өзектілігі: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы әлем тарихындағы өзгеде ел бабаларының  алар орнын зерделеуді де көздейді.  Осы орайда Европа мемлекеттерінің ұлы тұлғаларымен,тарихи ескерткіштермен,заманауи ғимараттарды тамашалау мақсатында келесі оқу жылының аяғында «Бабалар ізімен» тарихи саяхат сапарға шығуды жоспарланып отыр.
    • Күтілетін нәтиже: Ұлы тұлғалар ізімен жүру арқылы  Европа   өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен танысады.
    • Жиналған мәліметтерді    ақпарат құралдары: газет, журнал, ғаламтор желілерінде жариялайды.
    • Мектепішілік, қалалық , республикалық тақырыптық іс-шараларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, қатысу арқылы шет мемлекеттер  жайлы білімді тереңдетуге  ұмтылады. 
    • Оқушылардың туған өлкеге деген қадыр - құрметті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып шет мемлекеттерімен достық қарым-қатынасты нығайту.
    • Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын нығайту, тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастырады
    • Ғылыми, техникалық, көркем - шығармашылық, спорттық, туризм мен өлкетану, басқа да таным әрекеттерімен қоса білімін, біліктілігін кеңейтеді және тереңдетеді

    Осы 2018 жылдың мамыр айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Бөкенова Г. Асқанбековна оқушылармен   Қазақ халқының ұлы перзенті ғалым, тарихшы, этнограф, фольклоршы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлиханов дүниеге келген Қостанай облысы,  Сарыкөл ауданы,  Құсмұрын жеріне саяхат жасады.Мақсаты: Қазақ ғылымының шоқжұлдызы, Шоқан Уалихановтың туған жеріне барып өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен терең танысу, оқушылар тың ақпарат алу.
      VII. «Қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті . Бұл жобаға 12 сыныптың ата-аналары белсенді түрде ат салысты. Топ болып жиналған сыйлықтарды мектеп мұғалімдері мен белсенді оқушылар бірігіп,   қаламыздағы №34 мектеп пен №56,81,35 мектеп-лицейге барып аз қамтылған отбасы оқушыларын өздерінің замандастарын, іні-қарындастарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты.  Бұл іс-шара жетекші мектептердің басқа да серіктес мектептермен тығыз достық байланыс орнатуының, тәжірибе алмасуының негізі болды.

     
     
      
    Орындаған:Е.Каженов
    Ұ.т. 87751336131
                                                          
     
    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки