Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

       «Рухани жаңғыру және қазіргі білімді жастар міндеті» 

     

    Тақырыбы: «Рухани жаңғыру және қазіргі білімді жастар міндеті»
    Өткізілу уақыты мен орны: 
    19 сәуір, сағ.15.30, № 39 каб
    Жауапты сыныптар: 
    8 «Ә», 10 «Ә»

    Мақсаты:
    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
    Барысы:
    1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
    .
    1 жүргізуші: 
    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
    3 жүргізуші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі 6 басымдығы (бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы) жүзеге асыру үшін 6 арнайы жоба белгіленген. Олар:
    «Туған жер»;
    «Қазақстанның киелі жерлері»;
    «Қазіргі заманғы қазақстандық мәде­ниет жаһандық әлемде»;
    «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы»;
    «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»;
    «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі».
        Біздің  бүгінгі  әңгімемізге   арқау болатын мәселелерді тереңірек қарастырып, бабалар аманатын ұрпаққа жеткізіп жүрген ғалымдарымыз аз емес.Солардың  бір де бірегейі бүгінгі  іс –шараға  келіп отыр.  Сонымен  Астана қаласы Дарынды балаларға арналған №9  «Зерде»  мектебіне   келген  қонақты   таныстырып өтейік
    1 жүргізуші: Еуразия Ұлттық университетінің профессоры,  филология ғылымдарының  докторы, «Алаш» институтының қызметкері Жұмағұлов Сағынбай  Ботпайұлы
    2 жүргізуші: Құрметті Сағынбай Ботпайұлы Сіз жұмыс істеп отырған «Алаш» институтында  осы жобалар бойынша қандай іс - шаралар атқарылып отыр?
    1 жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге 10 Ә сынып Мұқият Мараттың орындауында «Ерке сылқым» күйі
    2 жүргізуші: «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
        Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп айтылған. Бұл бағыт бойынша балаларға қандай  кеңес берер едіңіз?
    1 жүргізуші:
    8 Ә  сынып оқушысы Журтекина Мединаның орындауында ән
    2 жүргізуші: Қазіргі ұрпақтың тілі шұбарланып, тіпті  ұлттық салт – дәстүрді ұмытып бара жатқанына зиялы қауым өте алаңдап отыр. Осыған орай қазір  шығып  жатқан «Найнти уан» сияқты топтарға азаматтық  көзқарасыңыз қалай? Олар жастарды бүлдіре ме, әлде  заман ағымы деп кешіріммен қараған дұрыс па?
    2 жүргізуші: «Рухани жаңғыру – заман талабы». Бүгінгі өткізіліп жатқан мәнді де мағыналы кешке қатысып отырған оқушылар өздеріңді қызықтырып жүрген сауалдарды қоя берулеріңізге болады
    Сұрақтар қойылады
    1 жүргізуші :
    Отан дейміз от жаққан жерімізді,
    Отан дейміз өсірген елімізді.
    Отан дейміз туған жер, атамекен
    Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
    Ол бірақ, өз үйіңнен басталады
    8 Ә  сынып оқушысы  Мұхамбек Ділнұрдың  орындауында  Әбілда Тәжібаевтың «Қазақ елім» өлеңін қабыл алыңыздар
    2 жүргізуші:
    Сіздердің құрметтеріңізге Ғазиз Арманның орындауында  «Балбырауын»  күйі.
    1 жүргізуші:
    «Рухани жаңғыру  - дәуір талабына сай жаңғыру»
    «Рухани жаңғыру  - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"
    «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
    «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»
    2 жүргізуші: Біз өзгенің қaтелігінен, өткеннің тaғылымынaн сaбaқ aлa білуге тиіспіз. Oл сaбaқтың түйіні біреу ғaнa – Мәңгілік Ел бoлу біздің өз қoлымыздa. Бұл үшін өзімізді үнемі қaмшылaп, ұдaйы aлғa ұмтылуымыз керек.
    Бaйлығымыз дa, бaқытымыз дa бoлғaн Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қaрaшығындaй сaқтaй білуіміз керек.
    «Қaзaқстaн-2050» – Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл. Oсы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын! Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік!   дей отырып , сөз  мектебіміздің  оқу ісінің орынбасары  Байулова Гүлназия Сабырқызына  беріледі.
    Бүгінгі кешке келіп жас ұрпаққа тағлымы мол әңгіме айтқаныңыз үшін көп рахмет. Көріскенше аман - сау болыңыздар


                                Шаңырақ жобасы аясында 8 «Ә» мен 10 «Ә» сыныптарының қатысуымен өткізілген
             «Рухани жаңғыру және қазіргі білімді жастар міндеті» атты тәрбие сағатының сараптамасы

           Астана қаласы Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінде 2018 жылдың 19 сәуір күні «Рухани жаңғыру және қазіргі білімді жастар міндеті» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға – оқытушысы, филология ғылымының докторы, профессор, «Алаш» институтының қызметкері Жұмағұлов Сағынбай Ботпайұлы қатысты. Оқушылар қазіргі жастардың міндеті жөнінде, шет ел мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстанның өркендеуі мен дамуы, латын әліппиінің маңызы жөнінде өздерін толғандыратын сауалдар қойып, өз ойларымен бөлісті. «Шаңырақ» жобасы оқушыларға тәрбиелік маңызы зор іс-шарлар деп айтуға болады. Өйткені оқушылар мектебімізде тек қана білім алып қана қоймай, рухани және мәдени жағынан жан-жақты тәрбие алуы керек. Сондықтан аталған іс-шара өзінің деңгейінде өтті деген пікірдеміз.


                    

                    

                                                    


     

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки