Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Шаңырақ жобасы

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:

    -әр түрлі жастағы оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа дағдыландыру, өзіне деген жауапкершілікті сезіндіру.

    -ұжыммен, топпен шешім қабылдауға баулу.

    -әр оқушының топпен шешім қабылдауындағы өзін еркін сезіндіру.

    - Шаңырақ жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараға барлық оқушылардың қамтылуын қадағалау (сынып жетекші)

    - бір Шаңырақ оқушыларының арасындағы демократияның болуы.

    - Оқушының командалық жігері мен өмірлік ұстанымын қалыптастыру

    -  Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналарды бір қауымдастыққа жинақтау

    - Патриоттық сезімін жандандыру, дарынды балалар мектебіне деген құрметін арттыру

    - оқушының белсенділігін, өнерін, көшбасшылық қабілетін дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру

    - мектептің оқу-тәрбие жұмысьарына белсене араласу.

    Көмек, қолдау, оқушылардың ынтымақтастығын дамыту,өзара көмектесе әрекет жасауға үйрету:

    -сабақта

    - әлеуметтік және ғылыми жобаларда

    - олимпиада, үйірмелерге қатысуына, мектептен тыс іс-шараларда

    - сыныптағы, мектептегі іс-шараларды ұйымдастыру.

    1. Оқушылардың арасында жарыстарда бір-біріне қарсылас қою барысында, олардан бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
    1. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсету, оқушылардың өз бетінше әрекет жасауға, әр түрлі туындаған мәселелерді шешуіне, шешім қабылдап оны жүзеге асыруына баулу.

    (оқушылар қауымдастығының екі түрлі деңгейдегі сыныптардың біріккендігін ескереді)
    7 «А»- 9 «А»          (қараша айы)
    7 «Ә»- 9 «Ә»          (желтоқсан айы )
    8 «А»- 10 «А»        (қаңтар айы)
    8 «Ә»- 10 «Ә»        (ақпан айы )
    8 «Б»- 9 «Б»           (наурыз айы )

    • Екі сынып бір шаңырақты құрайды.
    • 7 «А»- 9 «А»
    • 7 «Ә»- 9 «Ә»
    • 8 «А»- 10 «А»
    • 8 «Ә»- 10 «Ә»
    • 8 «Б»- 9 «Б»
    • Әр шаңырақ қосылып, мектептің «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын құрайды.
    • Ол Шаңырақ президенті мен оның әр түрлі бағыттағы көмекшілерінен құралады, сынып жетекшімен бірлесе отырып олардың атқаратын міндеттерін бекітеді. Туындаған мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны мектеп әкімшілігіне, ата-аналар комитетіне, қамқоршылық кеңеске ұсынады. Президент  сынып комитеті, мектепішілік тәртіп, оқу үлгерімі, үйірме жұмысы, пресс-центр, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдени іс-шара т.б бағыт бойынша көмекші сайлап, жұмыс атқарады.

    ұйымдар

    Міндеті

    Мектепішілік тәртіп комитеті

    • Оқушылардың тәртіп бұзушылығын қадағалайды;
    • мектеп ережесінің жасалуын, оны оқушылардың қатаң сақтауын қадағалайды;
    • ол ережемен мектеп оқушыларының толық танысуын қадағалайды.

    Әлеуметтік тәжірибе комитеті

    • әлеуметтік жобалармен келісім жасап, оқущыларды волонтерлікке тарту;
    • белгілі бір жобаны зерттеу мақсатында сұхбат, сауалнама, кездесулер ұйымдастыру; 
    • қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру (концерт, жәрмеңке, конкурс)

     Үйірме комитеті

    • сынып арасында оқушылардың толықтай үйірмелермен қамтамасыз етілуін бақылау;
    • оқушының үйірмелерге деген қызығушылығын анықтау, рейтинг білу мақсатында сауалнамалар ұйымдастыру;
    • сұранысқа ие жаңа үйірмелер құруға ұсыныс жасау;

    Оқу үлгерімін бақылау комитеті

    • оқушыға қиындық тудыратын пәндерді анықтау;
    • мұғаліммен бірлесе отырып үлгерім төмендігіне анализ жасау,оқушы, ата-ана, мұғалім арасында сауалнама жүргізу;  
    • оқушының үлгерімі төмен пәндерде пән мұғалімі, үлкен сынып оқушыларының кіші сынып оқушыларына қосымша көмек сабақтарын ұйымдастыру.

     Ақпарат комитеті

    • мектепке қатысты жарық көрген баспасөз, мақала,кітап, сурет,тв бағдарлама, бейнежазба жинау арқылы- мұрағат құрау;
    • оқушылар арасында БАҚ-қа жазылуды ұйымдастыру;
    • мектептің әлеуметтік желілердегі парақшаларын ақпаратпен қамтамасыз ету, басқа да дарынды балаларға арналған мектептермен ақпараттық байланыста болу.

     Денсаулық комитеті

    • спорттық жарыстарды ұйымдастыруға ат салысу;
    • оқушылардың денсаулық күнін, табиғат аясында демалуын
    • денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

    Сыртпен байланыс комитеті

    • ЖОО, жастар ұйымдарымен байланыс орнату;
    • Шет елдегі ЖОО мен байланыс орнату,тәжірибе алмасу, бірігіп жоба жазуын ұйымдастыру;

    Іс-шаралар ұйымдастыру комитеті

    • Мектепте жылдық жоспар бойынша бекітілген мәдени іс-шараларды ұйымдастыру; (театр, мұражай, концерт,би кеші т.б)
    • Елге белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру


    6
    . Ұсынылған ереже пед.кеңесте талқыланып, бекітілген кезден бастап күшіне енеді.

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки