Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    TedX Zerde

    Қалалық «TedX Zerde» жарысының ережесі

    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ.

    Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарының 9-10-11- сынып оқушылар арасындағы ««TedX Zerde» жарысының» жарысын өткізу туралы Жарысты ұйымдастыру, өткізу және қатысу тәртібін, оның ұйымдастырушылық – әдістемелік қолдауын және жарыстың жеңімпаздарын анықтау тәртібін реттейді.

     ЖАРЫСТЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

     Мақсаты:оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуге қызығушылығын арттыру.

    Міндеттері:

    - оқушылардың білімін, ойлау, ғылыми- шығармашылық қабілеттерін , сөйлеу техникасымен жұмыс жасау белсенділігін дамыту;

    - оқушылардың өз-ой пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасай отырып, еліміздің заманауи білімді саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу.

     ЖАРЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.

    Жарысқа Астана қаласының  білім беру ұйымдарының 9-10-11-сынып аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

     ЖАРЫСТЫҢ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ.

           Жарыс ІІ жартыжылдықта өткізіледі.

     ЖАРЫСТЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.

    Жарысқа  әрбір қатысушыға 12 минут ұсынылады. Оның 4 минут – қазақ тілінде, 4 минут – орыс тілінде, 4 минут – ағылшын тілінде берілген тақырыпты толық ашу керек. Айтылған ой басқа тілде қайталанбау қажет.

    Жарыс қорытындысы жарыс аяқталған кезде арнайы құрылған комиссияның шешімімен шығады. Және де дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің сайтына жарияланады.

     ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МЕН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ.

    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

    Барлық қатысушыларға Жарысқа қатысуы туралы сертификаттар беріледі.

    ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ МЕН САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ

    Жарыстың ұйымдастырушылары: Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» ММ.

    Жарысты ұйымдастыру және өткізуді республикалық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті).

    Ұйымдастыру комитеті келесі Функцияларды атқарады:

    - Жарыс қатысушыларының тәртібін бақылайды;

    - Жарыстың қатысушыларының құрамын анықтайды және Жарысты нәтижелерін техникалық өңдеуді жүзеге асырады;

    - қорытындысын шығарып, марапаттау рәсімін ұйымдастыруға қатысады;

    - Жарысты өткізу күні мен орнын, тәртібін анықтайды.

    Жарыстың қорытындысын шығару үшін сараптау комиссиясы құрылады. Сараптау комиссиясының құрамын Ұйымдастыру комитеті анықтайды.

    Олимпиаданы қаржылық қамтамасыз ету

    Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады.


        

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки