Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Үздіктер фабрикасы

    МЕКТЕПІШІЛІК «ҮЗДІКТЕР ФАБРИКАСЫ»  ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ


    Сайыстың мақсаты : Үздік оқуға оқушыларды ынталандыру, мектептегі үздік оқуымен дараланатын білімді сыныпты анықтау, оқудың маңыздылығын арттыру, дарынды мектеп статусына сай болуға жұмылдыру.

    Сайыстың міндеті:

    • Үздік білімімен ерекшеленген сыныпты анықтау;
    • Сыныптың ортақ үлгерім сапасын көтеру;
    • Мектептің білім сапасын жоғарылату;

    Сайыстың шарты:

    Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрады.

    I кезең. Іріктеу кезеңі.

    Қатысушылар іріктеу кезеңіне өту үшін, сайысқа сұраныс, сыныптың ақпараттық картасы және сыныптың шығармашылық фотосын өткізуі керек. Шығармашылық фотоның тақырыбы «Үздік оқу біздің басты мақсатымыз» деп аталады. Іріктеу кезеңінен өту үшін, сыныптың оқу үлгерімінің ортақ ұпайы әсер етеді.

    II кезең. Бекіту кезеңі.

    Бұл кезеңде іріктеу кезеңінен өткен сыныптарға есеп беру(зачетная неделя) аптасы жарияланады. Бұл аптада әр сынып мүмкіндігінше көп «5»-тік баға жинау керек. Аптаның соңында сыныптың үлгерім коэффициенті шығарылады  да, қорытынды кезеңге ең жоғары коэффициенті бар сыныптар жіберіледі.

    III кезең. Қорытынды кезең.

    Бұл кезең зияткерлік турнир ретінде өтеді. Әр команда арнайы формамен келіп, өздерін таныстырады.

    Таныстыру формасы презентация, жарнама, видеоролик. Турнир барысында командалар деңгейі жоғары олимпиадалық тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар барлық пәндерді қамтиды. Жеңімпаз командаға бағалы сыйлықтар табыс етіледі.


    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки