Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1593595360

№9 "ЗЕРДЕ"  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕБІ
  • kz
  • Меню школы

    Білім жәрмеңкесі

    Мектепішілік  «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасының

    Ережесі

    1. . Жалпы бөлім.

    2. Бұл ереже Мектепішілік  «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасының  (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуінің, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
    1. Олимпиаданы өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;
    2. 3. Олимпиаданың міндеттері: Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру; қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру; оқушылардың ауызша талдауын, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету; дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылым негіздерін терең меңгеру,ғылыммен болашақта айналысуға бағыт беру; жалпы білім беретін пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы.
    3. Олимпиаданың өту формасы-сауда-саттық «жәрмеңке»

    4. Олимпиаданың формасына сай арнайы жабдықталған үлкен зал қарастырылады, тақырыпқа сай безендіріледі.

    5. Олимпиада бір кезеңнен тұрады.
    6. Өткізілу уақыты 90 минут. Қазылар алқасы аяқ астынан туындаған жайттарға байланысты кезеңнің уақытын ұзарта алады.
    7. Олимпиаданың қазылар алқасы:

      Олимпиадаға қатысушылардың тексереді, жұмыстарын бағалайды және бақылайды;

      Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер кандидатурасын анықтайды;

      Олимпиада тапсырмаларының әдістемелік және мазмұндық бірлігін бағалайды;

      Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

    8. Олимпиада қатысушылары

      Олимпиадаға орта жалпы білім берудің бағдарламаларын меңгеретін 6-11 сынып оқушыларынан тұтас бір сынып немесе параллель сыныптар ерікті түрде  қатыса алады .

    9. Олимпиада қорытындысын шығару

       Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың 90 минут кезеңінен  тапсырмалардың ең көп мөлшерін сатып алып қорғаған қатысушының жинаған қаржысы (ҰПАЙЫ) бойынша анықталады.Олимпиада жүлдегерлері  «бас жүлде» бағалы сыйлықпен, бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

       

    nazarbayev.jpg?_=1 sim2.jpg?_=1597814901 sim3.jpg?_=1597814951

    Ауа - райы

    Оцените школьный сайт:

    Дауыс беру

    Полезные ссылки